Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
ТРАНСКРИПЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ФАКТОРЛАРЫ

Транскрипцияның жалпы факторлары РНҚ полимераза ферментінің промотормен байланысуын 


қаматамассыз ететін ақуыздар. Бұл ақуыздардың өздері де прмотормен байланысады.
Промоторлық учаскеде бокстар деп аталатын ерекше нуклеотидтер бірізділігі кездеседі, мысалы 
эукаориоттарда ТАТА бокс жиі кездеседі, сонымен бірге сиректеу ГЦ -, ЦТ- бокстарыда белгілі. әртүрлі 
промоторларда олардың орналасу реті түрліше; кейбір жағдайда ГЦ-бокс, ТАТА-боксқа дейін орналасса
екінші біреулерінде керісінше.
Промотордың ТАТА-бокысымен алғаш ТВР-ақуыз (ТАТА-Вinding Рrotein) байланысады. Бұл бірнеше 
ТАҒ – ақуыздардың (ТВР-Аssосіаted Ғакtоrs) жағалауын иницияциялайды.
Бұл ақуыздар (ТВР және ТАҒ ақуыздары) – транскрипцияның жалпы факторлары деп аталады, себебі 
олар барлы жасушаларда кездеседі және көптеген гендердің эксперциялануы үшін міндетті түрде қажет. 
Осы ақуыздар кешенін ТҒ ІІ Д (Тrаnsсrірtiоnаl Faktor D forpolymeraze II) деп те атайды. 
Осы ақуыздар РНҚ- полимераза ІІ-нің промотормен байланысуы үшін қажет. Промотормен байланысқан 
ақуыздар кешенін негізгі инициаторлық кешен деп атайды. ТҒІІА, ТҒІІВ, ТҒІІС, ТҒІІН деп аталатын 
транскрипцияның жалпы факторлары да белгілі. Олар әртүрлі промоторлармен байланысады.
Р-53 АҚУЫЗДЫ – ТРАНСКРИПЦИЯ ФАКТОРЛАРЫ 
 
Р-53 ақуызы жасушаның көптеген құбылыстарын реттеуге қатысады және оның қызметі сан алуан.
1. Жасуша құрылымдарының бұзылыстарына жауап ретінде р-53, не оның гені активтенеді.
2. р-53 ақуызы 3 топ гендердің белсенділігін реттейді.
а) Р-21, GADD 45 тғбғ жасуша бөлінуін тоқтататын гендерді активтендіреді;
б) апоптозды іске қосатын ВАХ, Кіller/ DR5, PІG т.б. гендері активтендіреді;
в) апоптозды тежейді ВСL2, ВЕLА гендерін репрессиялайды; 
г) антигонезді тежейтін ТSР1, ВА11 т.б. гендерді активтендіреді яғни ақуыздарр-53 көмегімен жасуша өз 
құрылымдарының бұзылыстарына төмендегідей жауап қайтарады;
- митоздық циклдың белгілі бір сатысында оның әрі қарай бөлінуін тоқтатын бұзылыстарды жөндеуге 
мүмкіндік жасайды; 
- немесе әрі қарай бөлінуін мүлдем тоқтатып жасуша қартаю кезеңіне өтеді.
- немесе апотоз іске қосылады да жасуша өліп жойылады.
р-53 молекуласы 392 аминқышқылдарынан құралған және көлемі, қызметтері әртүрлі 6 доменнен тұрады. 
Орталық домен ең үлкен домен (200 аминқышқылы кездеседі) ген нысанының энхансерлерін танып білу 
қызметін атқарады және олармен байланысады.
Ақуыздың N ұшында N домені транскрипцияның жалпы факторларымен, яғни ТҒІІD кешенімен 
әрекеттеседі.
Бұл байланысулар басқа да көптеген факторлардың (домендердің) бақылауында болады.
N доменде ақуыз – ингибитор Мdm – 2 мен байланысатын локус болады. Ол ТҒІІD кешенін бастырмайды. 
Осы серин, трионин аминқышқылдары қалдықтары көптеп кездеседі және олар протеинкиназалармен 
фосфорланады. Бұл киназалар ДНҚ молекласының құрылысы бұзылған кезде активтенеді де, Мdm – 2
ингибаторына әсер етіп, оны пассив күйіне көшіреді, нәтижесінде N домен ТҒІІD кешенімен әрекеттесу 
қаблетіне ие.
Орталық доменнің энхансерлермен әрекеттесуі де бақылауда болады, ол модификациялану арқылы 
жүзеге асады, бірақ бұл кезде орталық домен ДНҚ – нысанымен (энхансирлер) әрекеттесе алмайды.
Жоғарыда айтылған Р-53 ақуызы кейбір гендердің – ВСL2, ВЕLА, әрекеттесетін репрессиялайды. Бұл 
қызметі – р-53 ақуызын тетрамерлік кешен күйде көшіріп оның белсенділігін қалыптастыру болып 
табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет