АҚПАРАТТЫҚ РНҚ (А - РНҚ) ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ А-РНҚ молекулаларында полипептид тізбегі туралы ақпарат болатындықтан, олардың жасушадағы жалпы
саны өте көп болады.
Осыған қарамастан:
1) а –РНҚ лардың бәрі жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын ғана
құрайды.
2) а –РНҚ лар қаншалықты көп болғанымен бәрінің құрылысы бір – біріне ұқсас, яғни а –РНҚ-ның
сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады.
а) оның 5
1
ұшында «қалпақша» не көп деп аталатын учаске орналасқан, ол 4-5 модификацяланған
нуклеотидтерден құралған: (7-метил -Г) –ф-ф-ф- (2-0
1
-метил-Х) –ф- (2-0
1
-метил-У)-ф- - - -
бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы
байланысқан. Келесі нуклеотидтер рибозаның 2
1
орны бойанша метилденген болып келеді. а- РНҚ –ның
мұндай оның 5
1
ұшын эконуклеаза әсерлерінен қорғайды.
б) «Қалпақшадан» (кэп) кейін 5
1
– трансляциялаебайтын учаске орналасқан – ол бірнеше ондаған
нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р –РНҚ кіші бөлшектегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а
–РНҚ –ның рибосомамен алғашқы қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.
в) инициаторлық кодон – ол барлық а –РНҚ –ларда бірдей – АУГ және метионин аминқышқылын
анықтайды(код - инициатор).
г) инициаторлық кодоннан кейін а –РНҚ-ның нгізгі бөлімі –мағыналы-кодтаушы(трансляцияланатын)
учаске, яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан.
Эукариоттардың пісіп жетілген а –РНҚ –лары моницистронды, ал прокариоттар (бактериялар) а –РНҚ
–лары полицистронды болып келеді.
д) а –РНҚ –ның кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатор -3 мағынасыз кодонның – УАА, УАГ не
УГА біреуі орналасқан.
е) кодон терминатордан кейін 3
1
– трансляцияланбайтын учаске орналасқан, оның ұзындығы 5
1
–
трансляцияланбайтын учаскеден әлде қайда ұзын.
ж) барлық пісіп жетілген эукариоттар а- РНҚ-сының (гистондық а- РНҚ-лардан басқалары) 3
1
ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын поли –(А) – фрагмент орналасқан.
3
1
- трансляцияланбайтын учаске және поли – (А) фрагмент а-РНҚ молекулаларынң тіршілік
ұзындығын реттеуқызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 3
1
ұшынан бір – бірлеп
нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.
а-РНҚ нуклеотидтердің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның ішінде кодтаушы учаскесіне тек 60-
70% нуклеотидтер ғана тиесілі болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен байланысып,
информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді.