Прокариоттар гендері тек мағыналы (кодтаушы) нуклеотидтер бірізділігінен
(кодондардан), ал эукариоттар гендері – мағыналы (экзондар) және мағынасыз
(интрондар) учаскелерден тұрады.
Гендердегі интрондар саны 2-ден 40-50-ге дейін жетеді, кейбір гендерде интрондар
үлесіне геннің 90% көлемі тиесілі болады
.
1954 жылға дейін ген – тұқым қуалаушылықтың ең ұсақ, әрі қарай бөлінбейтін
құрылымдық, қызметтік бірлігі деп келінген. Бірақ, кейінгі кездегі зерттеулер, ген
қызметтік тұрғыдан алғанда күрделі құрылым екендігін көрсетті: ол цистрон деп
аталатын геннің негізгі, кодтаушы бөлімінен, мутациялануға қабілетті –
мутон,
рекомбинациялауға қабілетті –
рекон деп аталатын учаскелерден тұратыны белгілі
болды.
Достарыңызбен бөлісу: