Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
1-лекция

Реттелуші гендер.(көбінесе құрылымдық – структуралық гендер) жасушаның ерекше
қызметтерін, құбылыстарын, қамтамасыз ететін арнайы ақуыздардың синтезделуін
кодтайды және олардың экспрессиялануы әртүрлі реттеуші факторлар әсерлеріне
байланысты болады.
Геннің алғашқы өнімдерінің қызметтеріне қарай гендерді бірнеше топқа бөледі: 
ферменттер гендері; ақуыз қызметтерінің модуляторлары; рецепторлар гендері; 
транскрипция факторларының гендері, жасушаішілік және жасуша сыртындағы
матрикстің ақуыздарының гендері, трансмембраналық тасымалдаушылар гендері;
иондық арналар құрылымының гендері; гормондар гендері; иммуноглобулин гендері.
Адам ағзасының жасушаларының негізгі құбылыстарына қатынасатын гендердің ара 
қатынасы төмендегідей: 22% -РНҚ және ақуыз синтезін қадағалайтын гендер; 12%- 
жауша бөлінуін реттейтін гендер; 12% -жасуша сигналдарының гендері; 12% - 
жасушаны қорғауды қамтамасыз ететін гендер ; 17% - зат алмасу гендері; 8%- жасуша
құрылымдарының гендері 17%- гендердің қызметтері белгісіз. 
Гендердің өлшемі түрліше болып келеді. Көптеген гендердің өлшемі 50 000 н.ж. тең, 
ал олардың орташа ұзындағы -27 000 н.ж. тең. Гендердің өлшемдеріне қарай –шағын 
гендер –өлшемі 800-4000 н.ж. аралығында, оларға,-глобин, инсулин (1500н.ж.) гендері
жатады. орташа гендер – өлшемі 11000- 45000 н.ж. аралығында , бұларға коллаген ( 
18000 н.ж.), альбумин (25 000н.ж.)т.б. гендері жатады. Үлкен гендер –өлшемі 50000- 
90000н.ж. аралығында – фенилаланингидроксилаза гені; алып гендер –өлшемі 100000 
н.ж. артық мыс, қан ұюының VIIІ факторының гені – 186 000 н.ж. супер алып
гендер –өлшемі миллиондаған н.ж. – дистрофин гені 2 млн н.ж. көп.
Қозғалғыш генетикалық элементтер – автономдық гентикалық бірліктер, олардың 
нуклеотидтер бірізділігінде осы элементтерді ДНҚ-ның бір жерінен екінші жеріне 
ауысуын, орын алмастыруын, қамтамасыз ететін ақуыздар туралы ақпарат болады. Геннің 
мұндай орын алмастыруын транспозиция деп атайды (оларды кейде секіруші гендер
деп те атайды). Транспозиция – орын алмастырушы (көшетін, секіретін) элементтің (ген) 
аяқ жағында орналасқан нуклеотидтер бірізділігімен арнайы ақуыз молекуласының
әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асады. Ол екі кезең арқылы жүреді: 1)қозғалғыш 
элементтер (гендер) молекуласының аяқ жағындағы нкулеотидтер бірізділігі тізбектері
ажырасқан ДНҚ –нысанамен қосылады; 2)қозғалғыш элемент (ген) репликацияланады, 
ал ДНҚ –нысана репликацияланбайды. Осылайша қозғалғыш элементтердің бір 
көшірмесі ДНҚ –нысана молекуласына жалғанады, ал екіншісі өз орнында қалып қояды.
Қозғалғыш элементтердің 2 түрі белгілі: 1) кішкентай инсерциялық бірізділіктер (iS) 
және 2)үлкен, ірі ( мың нуклеотидтерден де көп) транспозондар (Тп). 


Транспозондарда (Тп) транспозицияны қамтамасыз ететін гендермен қатар 
жасушаның маңызды қасиеттерін қалыптастыратын гендер де болады, мысалы. Тп -3, 
оның өлшемі 4957 н.ж. және онда ампицилинге төзімділікті қалыптастыратын - 
лактамаза ферментін кодтайтын ген болады.
Тп және iS- лардың негізгі қызметтері – өздерінің қыстырылып орналасқан жерлеріне
жақын орналасқан гендердің экспрессиялануын реттеу, яғни кейбір гендердің
экспрессиялануын активтендірсе, кейбіреулерін керісінше – активсіздендіреді. Сонымен 
қатар, олар ДНҚ - нысана молекуласын бірнеше бөлшектерге нақтылы, дәл кесу немесе 
қалпына келтіру қабілеттеріне де ие. Тп-дар инверсия немесе делеция типті 
мутациялардың пайда болуының себебі де болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет