Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


«Түркі шежіресінің» лексика-фразеологиялық сипаты



бет14/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Í. Íàçàðáàåâ. «Ì?äåíè ì?ðà» áà?äàðëàìàñû

«Түркі шежіресінің» лексика-фразеологиялық сипаты. Түркі жазба ескерткіштерінің лексикасы сөз болғанда, ондағы сөздердің мынауы қыпшақ тілінің, мынауы оғыз тілінің, қайсыбірі қарлұқ тілінің сөздері деп бөлу тым шартты. Әбілғазы шежіресі жазылған ХҮІІ ғасырда түркі халықтарының қазіргідей шегаралары белгіленіп, өз алдына жеке ел болып бөліебегенін, бөлінсе де, өзара аралас-құралас көшіп жүргенін, біресе ана хандықтың, біресе мына хандықтың қол астына қарап, өмір сүргенін ескермеске болмайды.Оның үстіне шығарма авторының өскен, кейін хандық құрған Хорезм аймағындағыоның араласқан халқының құрамы - өзбек, түрікмен, ұйғыр, қазақ рулары (Арғын, Найман; Қыпшақ, Қоңыраттар т.б.) болғанын «Шежіре» мәтінінен айқын көруге болады. Тіпті Әбілғазының өзі сүйенген өзбектері қазіргі өзбек аталып кеткен халық не ұлт емес, бір кезде Өзбек ханның қол астында қыпшақ даласында өмір сүрген, кейін Алтын Орданың ыдырауымен байланысты ығысып, Орта Азияға ауысқан түркі тайпаларының өкілдері, яғни көшпелі өзбек аталған рулар еді (Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. М. «Наука», 1965, с.5). Олардың негізі қыпшақ рулары екендігі күмән келтірмейді. Сондықтан Әбілғазы шығармаларының тілі қыпшақ негіздегі тіл екендігі, оның қазақ тіліне тым жақындығы да содан болса керек. Негізін қыпшақ тілі құрайтын Әбілғазының «Түркі шежіресінде» көне түркі сөздері едәуір орын алады. Оның себебін автордың өз шығармасын сол кезде жеке халық болып жіктеле бастаған өзбек, түрікмен, қазақ тілінде жаздым демей, «бәріне ортақ түркі тілінде» жаздым деуі растайды.
«Шежіредегі» көне түркілік қабат. «Шежіреде» кездесетін көне түркі сөзі біршама. Олардың бір ерекшелігі - Әбілғазы тұсында қолданылған өзге тілдік варианттармен қатарласа жүруі. Мысалы, «Шежіреде» жазу мағынасында «біті» сөзі кездеседі: - Барча түркілернің ұрұғын бірін қоймай бітімек уа айтмақ бір кішінің қолындын келмес. Екінші бір жерде бұл сөздің кейінгі дәуірге тән варианты – «жазу» сөзі де кездеседі: -Біз аның барчасыны хатқа йазсақ сөз ұзақ боладұр.
Осындай көне сөздердің бірі – қазіргі халық мағынасындағы бұдұн сөзі. Мысалы: -Аның үчүн бұдын мүлкінің падшаһы йүрек тұрұр.Бірақ бұл сөз көп кездеспейді, оның орнына халық сөзі жиі қолданылған: -Нече йылдын бері сіз халықның тұзын йеб йүрүрмін. Бұдұн сөзі орхон-енисей жазбаларынан бастап, орта ғасырдағы көне қыпшақ ескерткіштеріне дейін халық сөзімен қатарласа қолданылғаны белгілі.
«Шежіредегі» көне тұлғаның бірі – ау сөзі. Бұл сөз орхон ескерткіштерінде аб формасында келсе, көне қыпшақ жазбаларында ав тұлғасында келеді. Ал «Шежіре» тілінде ау түрінде кездеседі.Мысалы: Атсыз хан ата орныда олтұрұб бір нече йыллар йауыны йаулаб ауыны аулаб атасы кейініден кетді.Көне қыпшақ тілі ескерткіштерінде аумен қатар аң варианты да қатарласа жүреді. Мысалы «Хұсрау уа Шірінде» мынадай сөйлем бар: -Аңлар тег ніче кечті сақыныш қыл (аңдар сияқты кешті сақтықпен өткіз).
Мұндай көне сөздердің қатарына аламан (қарайман-қара халық, жұрт), елік (қол), мәкхам (берік), омақ (сүйек), халқа (сырға), құйақ (сауыт), балық (қала), барча (барлығы), қапығ (қақпа), өгіз (өзен), сүру (қуу), бақу (қарау), қопу (тұра келу) т.т. жатады. «Шежіреде» аламан сөзіне мағыналас нөкер, черік, ләшкер сөздері де кездеседі.
«Шежіреде» кездесетін қызмет түрін білдіретін бокауыл, ереуіл, йортағұл, йасауыл, чапұғұл, сұрауыл тәрізді бірнеше сөздер бар. Бұлардың көпшілігі қазір көнерген сөздер қатарына жатады, ал Әбілғазы заманында қолданыста болғаны байқалады.
«Шежіреде»кездесетін бірсыпыра көне түркі тілі сөздерінің мағынасы ғана өзгеріске ұшыраған, қазіргі қазақ тілінде басқа мағынада қолданылады. Мысалы, арқа сөзі «Шежіреде» ұрпақ, үрім-бұтақ мағынасында келеді: Тоқыз арқа болғұнча шондағ болғай..
«Шежіреде» ағайын, тума деген кең мағынада қарындас сөзі қолданылған. Мысалы: Екісінің бір біріне һеч қарындашлықы болмас ерді. Сол сияқты сіңлі сөзінің ол кездегі мағынасы қазіргіден өзгеше. Бұл сөз әйел адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын ғана білдірмей, бір туған адамдардың жасы кішісін білдірген. Сол сияқты тон сөзі жалпы киім атауын білдіреді: Менің жаным күй кенде өзкелерінің тонының етекі күймес.
Мұндай мағынасы өзгерген сөздердің қатарында күлүк (атақты, атышулы), емкек (бейнет), көңүл (жүрек), ес (жолдас, дос), есір (мас), әуез (дауыс), т.б. жатқызуға болады.
Тағы бір топ сөздердің «Шежіреде» кездесетін тұлғасы өзгергенімен, мағынасы қазіргі тілімізде сақталып қалған. Мысалы, ағаш сөзі «Шежіреде» йығач, мұрын сөзі бұрұн түрінде, тауық сөзі тақұқ формасында кездеседі. Оң йақда алтұн тақұқ беркіткен қырық құлач йығачны тіктүрді.
Бұл сияқты сөздер «Шежіреде» біршама: сүңек (сүйек), ағыз (ауыз), йағ (жау), бігіз (біз), йағмұр (жаңбыр), сауық (суық), тұтғақ (толғақ), йай (жақ), араба (арба), кече (кеш, түн), қарыған (қартайған), түшмеді (түсінбеді), ұнытды (ұмытты), қабалу (қамалу), т.б.
Әбілғазы өз шығармасында тек қана көне түрік тілін пайдаланбағаны белгілі. «Шежіре» лексикасының негізгі тірегі – қыпшақ тілі лексикасы, сондықтан сөздердің көпшілігі қазіргі қазақ тілі сөздерімен бірдей тұлғада, бір мағынада келіп жататынын байқау қиын емес. Әсіресе, қазақ халқының ертедегі тұрмысына, салт-дәстүріне қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің «Шежіредегі» қолданылған түрі мен бүгінгі тіліміздегі тұлғасы да, мағынасы да бірдей түсіп жатады. Мысалы: қуырчақны, сүйінчі, йеңечесі, йайлар, қышлар, ағызларыңыз, таң қалдылар, ырым етіб, йат йұрға, қолұм йетішмей тұрұр, сөзін йыққа білмеді, төрт түлік малның, сауын салды, той қылды, сүт пішім, ет пішім, афтаб(күн) арқан бойы көтерілгенде, бір ұқлаған шақ, т.б.
«Шежіредегі » араб және парсы сөздері. Араб тілінен түркі тілдеріне сөз ауысу процесі ҮІІІ ғасырлардан бастап, Моңғол шабуылы дәуіріне дейін де, сол кездің өзінде де, одан кейінгі кезеңде де әр түрлі себептермен, жолдармен болғаны белгілі. Араб үстемдігі Орта Азияға тарай бастағаннан кейін алдымен шаруашылық, сауда-саттық арқылы араб сөздері жергілікті халықтардың тіліне ене бастады. Содан кейін ел арасында діни ұғымдарға байланысты әртүрлі кітаптар пайда болды. Мұның үстіне мәдени, саяси қарым-қатынастар ұлғайды. Жергілікті халық өкілдерінен әр түрлі саладағы ғылым, мәдениет, әдебиет қайраткерлері шыға бастады. Автор «араб-парсы сөздерінен бір де бір сөз қоспадым» дегеніне қарамастан, онда бірсыпыра араб, парсы сөздері кездеседі. Әбілғазының сол тұстағы халықтың сөйлеу тілінде кең қолданылатын араб-парсы сөздерін пайдаланбауы мүмкін емес.Мысалы: һөнер, әулед, маджилис, ғадалат, ықылым, жамағат, хамыр, насихат, афтаб, емкек (бейнет), хәмла (жүкті), зағифа(әйел), нәубет (кезек), хәста (ауру), пиада (жаяу), мекер (айла); ал парсы сөздерінен - пұл, гүл, жануар, құдай, зергер, ұста, сарай, сауда, барабар, бекер, дарваза, қағаз, керней, пешене, шерменде, дост, т.б.
«Шежіреде» кездесетін тұрақты тіркестер: қолындын келмес (қолдан келмеу), құлақ салыб, ант ічді, үмід үзу, баш ұру, есір болу, көрініш қылу, ғалыб келу (жеңу), мал табу,бас болу, йахшы көру, қамын жеу, аузы бір болу, арқа беру, сөзін йықа білмеді, ат салды, қол қойды, сауын салды, қол сұқты, пушайман болу, қабыл қылу, жүрегі жарылу, мойын имеу, азар беру, құлақ салу, қолына түсу, тілі тұтылу, таң қалу, қайран болу, үміт үзу, өш алу, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет