14 лекция. Көне қыпшақ тілінің ерекшеліктері. Көне қыпшақ жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері. Қыпшақ жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұл халықтардың тілдері мен түрік тілінің ұқсастықтары, сөз алулары, мәдени байланыстары туралы жұмыстар жалғасын тауып келеді. Жазу мәдениеті дамымаған біздің заманымыздан бұрынғы ғасырлардан қалған жеткіліксіз мәтіндердің тілдерін оқу, бұл тілдерді басқа тілдермен салыстыру және оларға ғылыми тұжырым жасау өте қиын іс. Бір жағынан әлем тілдерінің тарихы, әсіресе, салыстырмалы тіл білімі жұмыстарымен әлі де толықтырылуда. Түрік тілінің ең көне дәуірлерін анықтау үшін өмір сүріп жатқан және өлі тілдермен байланыстары да талдануы қажет. Әрине бұлардың барлығы ғылыми жүйе шеңберінде атқарылуы үшін алдымен түрік тілінің фонетикалық, морфологиялық және лексикалық әдебиеттері диахронды және синхронды түрде талданғаны абзал. Одан соң көрші тілдермен болған қарым-қатынастар, этнологиялық, археологиялық және лингвистикалық материалдарды бірге қолдана отырып зерттеу және талдау толыққанды нәтижелерге жеткізеді. Қыпшақ жазуындағы көне түркі ескерткіштерінің көне түркі тіліне жақындығы, орта түркі тіліне тигізген әсері.
Махмұт Қашқари өз еңбегінде түрік тайпаларының тілдерін тұңғыш рет салыстырмалы талдау тәсілімен жарыстыра түсіндіріп, араб тілінің заңдылықтарымен екшеп салмақтады. «Мен бұл кітапты хикмат сөздер, сежілер, мақал мәтелдер, режез (сежіден (араб өлеңінің ең ежелгі көне түркі) кейін кең таралған өлең түзілімі, яғни халық өлең түзілімі), үшіншісі аруз өлең өлшемі және несір (көркем қарасөз) секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзіп шықтым. Үйренушілер тез табуы үшін көп жылдар бейнет шегіп, сөздерді орын орындарына қойдым. Көмекілерін аштым, қателерін жұмсарттым, түзеттім. Бұл кітапты сегіз бөлікке жіктедім» дейді.
Ол араб, парсыв мәдениетін, әдебиетін жетік білген. Сөздердің қолданылып жүргендерін ғана тізгенін айтты.Түрік тіліндегі сөздердің родқа жіктелмейтіндігін айтқанда да, етістіктің жақтары мен жіктелуі жайында араб грамматикасына салыстыра отырып қағидалар түзеді.
М.Қашқари бұл кітабын сегіз кітапқа жіктеген. Әліптен басталатын кітабын «Хамза кітабы» деп атаған. Екіншісі «Сәлім кітабы», яғни құрамында әліп (а), уау, (у), йай (й) әріптері болмаған сөздер, әріп қайталанбаған сөздер. Үшінші «Мұзоаф» кітабы, бір әрпі қайталанған сөздер, төртіншісі «Мисал кітабы», яғни «харфи илет» бірінен басталатын сөздер кітабы, бесіншісі үш әріпті кітап, алтыншысы төрт әріпті кітап, жетіншісі мұрын дыбысты әріптер «»ғұнналылар, сегізіншісі екі сүкүндікпен қатар келген сөздер кітабы. Кітапта әуелі есімдіктерді, сосын етістіктерді түзіп отырады. Кітапта түрік тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды түсіндіріледі. Түрік әліппесінің ерекшелігі де талданған. Түрік тілінде 18 әріп бар екендігі, оның сыртында екінші ретте тұратын тағы 7 әріп бар екендігі баяндалады. Үндестік заңы, оған қатысты қағидаларды түзеді. Көне түрік әліппесінің, руна жазуының оның әріптерінің көне грек әліппесі ру таңбаларымен мен ұқсас тұстарын айтады, көне түрік әріптерінің қазақ ру таңбаларымен ұқсастығын ескерсек, бұл әріптер мен картаның ғылыми мәні жоғары. Қашқари атап көрсеткен заңдылықтар қазақ тіліне етене жақын, сабақтасып, үндесіп отырады. Екі сөздің бірі қазақ тілінің сөзі.
Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері «Түрік сөздігінде» барынша нақты тарихи деректілік сиаптпен танылған. Тіл туралы еңбек болумен қатар, түрік әлемінің X-XI ғасырдағы атаулары сақталған. Рум жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрк тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Әрі жер көлемін көрсетеді. Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін сипаттайды. Әр тайпаның тілдік ерекшеліктеріне тоқталады.
Бұл кітаптан түрік жерінде тіршілік етіп жатқан ұлыстардығ ел жұрттың тұрмыс салтына, әдет ғұрпына қатысты деректер де мол кездседі. Түрік елінің құрал жабдықтары, қару жарақ, сауыт саймандары, ас ауқаты, дәм тағамдары пайда болуы, әзірлеу әдістері, дәрі дәрмектер жөнінде бай деректер бр. Дәрілердің өсімдіктен, жануарлар өнімдерінен жасалатын. білуге болады. Әр түрлі кеселдерді емдеу үшін, адам ағзасын тоздырмас үшін түрлі мақсаттарға арналған дәрі дәрмек, шипалы қоспалар жасау жолдары, тәсілдері көрсетілген. Сол сияқты қалың қолды жорықта арып ашып шаршағанда , ашыққанда Ескендр Зұлқарнайын ойлап тапқан әрі нәрлі, әрі ұзақ сақталатын «Тұмаш» (Тұтма ашын яғни аш ұстама) тағамы туралы баяндалған. Тибет жұртының тарихы, Зұлқарнайын салдырған қалалар тарихы, өзен сулардың, қала қыстақтардың тарихы қалың жұртшылыққа атамекеніміздің ежелгі дүниесін, мәдени даму жолдарын шынайы дерек, мағлұматтар арқылы таныстырады. Түрік сахарасының жан жануарлар дүниесі мен өсімдіктері туралы да бұрын соңды көпшілікке жетпеген деректер жеткілікті. Хайуанаттар мен мақұлықтардың ежелгі атауларына, өсімдіктер мен шөп, ағаштардың, жемістердің атауларына , табиғи жаратылыс ерекшеліктеріне, қай жерлерде өсетініне қаныға түсеміз. Олардың араб тіліндегі атауларына да тоқталып, қолдану аясына түсінік береді.
Тарихи тұлғалар жөнінде аңыздар, шағын өлең, жырлар,, табиғат, жаратылысты сипаттаған жыр шумақтары да берліген. Сөздікте 242 шумақ өлеі, жыр, 200- ден астам даналық сөздер, мақал мәтелдер, қанатты сөздер берілген. Бұл флора, фауна, жаратылыстану саласындағы бірқітар жайларды түсіндіріп берген ғылыми анықтамалық сөздік. Зұлқарнайын екі мүйізді немесе екі тұлымы болғандықтан, солай атанған деген деректі Құраннан келтіреді. Зұлқарнайынның түрік даласына, Шыңға қарай сапары жайында әңгімеленеді. Түрік даласында Зұлқарнайын балшықты бұлаққа батқандықтан, жүре алмағандықтан, төрт бес қала салдырады, Тараз жағында т ұратындарды шігіл атанады (Бұл неткен батпақ!).
Кітапта Еділ, Іле, Ертіс секілді ұлы өзендер, сол жердегі тайпалардың ерекшеліктері, тұрмыс тіршілігі туралы айтывлады. Осы өзендердің бойында тұрған тайпалардың, йағмалар мен тохсалардың тілі ең дұрыс тіл деген тұжырым айтады. Ең жеңіл тіл оғыздардың тілі дейді. Ертісті Иемек даласындағы ірі өзеннің атауы дейді. Бұл атау «кім тез жүзіп өтер екен» деген мәнді білдіреді екен. Жеті мың бес жүзден астам сөздер жинақталған осы кітап ұрпақтап ұрпаққа ауысқан сайын таризхи маңызы айқындала түседі.Топонимика, этнонимдер, тарихи есімдер мен тарихи тұлғалар, оқиғалар, ежелгі өлең жолдары, түрік тілінің тарихы мен этимологиясы, морфологиялық, фонетикалық, диалект ологиялық заңдылықтары үш томдық энциклопедиялвқ еңбекте қамтылған.
Қазақ әдеби тілінің ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы жай-күйін танытатын жазба нұсқалар әр түрлі себептермен бізге жетпеген, жеткені бірен-саран. Оның басты себебі – бұл кезеңде қазақ хандығы өз алдына шаңырақ көтергенімен, олардың өмірі көбінесе ішкі және сыртқы жаулармен күрес үстінде аттың жалында, түйенің қомында өтті деуге болады. Қазақ жұрты талай басқыншылық шабуылға ұшырап, қазақ жерінің ол шеті мен бұл шетіне үдере көшіп жүрген заман болғаны белгілі. Тіпті оңтүстік өңірдегі отырықшы халық, тарихи қалалардың өзі оқтын-оқтын әр түрлі басқыншылық шабуылдарға ұшырап, бір қолдан бір қолға өтіп отырғанын тарих айғақтайды. Одан кейінгі ХҮІІІ ғасыр да қазақтар үшін қой үстінде боз торғай жұмыртқалағандай заман болған жоқ. Бұл жағдай қазақ арасында сауатты бабаларымыз болғанымен, олардың шығармалары мен жазбаларын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің мүмкіндігін жоққа шығарды.
Әрине, қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тілінің кейбір ерекшеліктері Ү-ҮІІІ ғасырлардағы орхон-енисей, одан кейінгі ұйғыр, араб жазулы түркі ескерткіштерінде сақталған. Әсіресе, шағатай аталған тілде жазылған жәдігерлікке қазақ халқы да ортақ, ол тіл кезінде көптеген түркі тілді халықтарға ортақ әдеби тіл болғаны белгілі.
ХҮІІ ғасырда жазылған Әбілғазы баһадүр ханның «Түрік шежіресіне» келсек, оның өз тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ «нағыз түрік тілінде» жазылғанын көреміз. Бұл сонда қазіргі қай халықтың тіліне жақын? «Шежіре» тіліне жасаған талдауларымыз оны қыпшақ тобына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндік береді. Сондықтан «Шежіренің» лексикасын, грамматикалық құрылысын зерттеп, оның қазақ тіліне қатысын сөз ету қазақ тілі тарихына көп деректер бере алады деп ойлаймыз.
Түркі тілдеріндегі 8-11 (а, ә, е, ы, і, и, у, ұ, ү, о, ө) дауысты дыбыс араб жазуындағы 3 әріп таңбасы арқылы берілген.»Түркі шежіресінде» үндестіктің екі түрі де болған: бірі- сөздің жуан-жіңішкелігі, екіншісі – еріндік дауыстылардың бар-жоғымен байланысты. Сөздің түбірі жуан дауыстылардан тұрса, қосымшалар да жуан жалғанады (болұрлар, халқының, т.б.); түбірдегі дауысты жіңішке болса, қосымшалар да біркелкі жіңішке жалғанған (йүзіндін, әуелінде, т.б.). Ал ерін үндестігіне келгенде, оның толықтай сақталғандығын айтуға болады (бойұрұбсыз, сөйлүрсүн, тұрұб тұрұр, т.б.). Бірақ бұл заңдылық барлық жағдайда сақтала бермеген, екінші, үшінші буындарда кейде ұ, ү естілген жердің өзінде қысаң ы, і жазылып кеткен жерлер көп (түрік, йұртының, мұсылман, т.б.).
«Шежіреде» өзге түркі жазба ескерткіштеріндегі тәрізді қосымшалар, әсіресе септік жалғаулары көбіне бөлек жазылған, дегенмен бұл принцип те толық сақтала бермейді (ұғұланлары ның, жамағатымыз ны, біз ге, бағзыларға, себебдін, т.б.).
Түркі тілдері дауыссыз дыбыстарын белгілейтін таңбалар араб әліппесінде жеткілікті. Соған қарамастан, жалпы орта ғасырлық жазба жәдігерлерде екі дауыссыз дыбысты бір таңбамен жазу дәстүрі жиі ұшырасады. Мысалы, ұяң б дыбысы мен қатаң п дыбысы сөз аяғында көбінесе б мен берілген: барұб, күтүб, көб, айналұб, т.б. п таңбасы өте сирек, онда да шеттен кірген сөздердің басында ғана жазылады: падшаһ, пайтахт, пост (киім), панаһ, т.б. Жалпы, түркі тілдерінің ертерек дәуірінде бұл екі дыбыс фонетикалық жақтан ажырап, дифференцияланбаған. Бұл дәстүр қазақ тілі жазбаларында латын графикасына көшкен 1930 жылдарға дейін сақталып келген.