Қоғамдық сана - бұл қоғамның рухани өмірі, болмыстың біртұтас бейнесі. Бұл адамдардың қоғамдық болмысымен байланысты сезімдері мен көңіл-күйі, түсініктері, сенімдері, идеялары, тұжырымдамалары мен теориялары. Қоғамдық болмыс қандай болса, қоғамдық сана да сондай болады, Болмыс өзгергенде, сана да өзгереді. Бірақ қоғамдық сананың болмыстан салыстырмалы түрдегі өзіндігі, тәуелсіздігі бар: ол одан кейбір жағынан озып кетуі мүмкін (озық идеялар) және одан кейбір жақтарынан артта қалуы мүмкін (ескі сенім- нанымдар) Қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қогамдық идеология деңгейлер бар
Қоғамдық сананың түрлері
Қоғамдық сананың мынандай түрлері бар:- мораль, дін, өнер, ғылым, философия,саяси сана, құқықтық сана Қоғамдық сана түрлерінің әрқайсысының негізі - адам қызметінің түрі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдык сананың түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды искусство мораль политическое сознание правовое сознание религия наука философия