Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты психология және педагогика факультеті



бет1/7
Дата24.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#59424
  1   2   3   4   5   6   7

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

Ахатова Айжан Қайратқызы


5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
мамандығының 2 курс студенті

Қарапайым математикалық оқу іс-әрекетінде интерактивті құралдарды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін арттыру құралы ретінде.


Курстық жұмыс


Ғылыми жетекші:


аға оқытушы
Султанбекова Ж.Х.
2017- 2018 оқу жылы
Мазмұны



Кіріспе………………………………………………………………………..
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерн қалыптастыру жолдарының теориялық негіздері………….
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері……………………
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін есте сақтауға қалыптастыруда жаңа технологияны қолдану жолдары……………………………………………………………………...
2 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетінде интерактивті құралдарды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін арттыру құралы ретінде қарастыру…
2.1 Балабақшаларда интерактивті сабактарды дайындау және өткізу мүмкіндіктері………………………………………………………………..
2.2 Ортаңғы топтағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағында интерактивті тақтаны қолдана отырып, «Карлсонмен бірге қызықты математика» сабағын өткізу жолдары……
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….

3

5


5
6
12

12
15


30
32


Кіріспе

Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады , миы мен еркін жаттықтырады , көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады.


Маркушевич А.И.

Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді. Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.


Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру əдістемесінің теориялық базасы тек ғана жалпы, нақты, бастапқы философияның, педагогиканың, психологияның,
математиканың жəне басқа да ғылымдардың бастапқы жағдайын құрады.
Педагогикалық білім жүйесі ретінде өзінің теориясы мен бастапқылары бар. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру əдістемесі пəнінің элементтері-өзара байланысты, бір-бірін толтыратын жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны, əдістері, құралдары жəне формалары. Негізгісі мақсат болып келеді. Балабақша балаларды мектепте ғылымның негізін оқуға дайындауда қоғамның элеуметтік сұранысын орындайды.
Мақсаты: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетінде интерактивті құралдарды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін арттыру құралы ретінде зерттеп, мысал келтіріп қарастыру.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерңн қалыптастыру жолдарының теориялық негіздерін қарастырып өту;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін есте сақтауға қалыптастыруда жаңа технологияны қолдану жолдарын сипаттау;
- балабақшаларда интерактивті сабактарды дайындау және өткізу мүмкіндіктерін қарастыру;
- ортаңғы топтағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағында интерактивті тақтаны қолдана отырып, «Карлсонмен бірге қызықты математика» сабағын өткізу жолдарын көрсету.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет