Лекция-презентация №13. Общество и культура


Қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Мордың утопиялық теориясы



бет3/13
Дата16.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#83256
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Мордың утопиялық теориясы


Томас Мордын «Утопия» атты (грек тілінен: “жоқ жер”) мемлекеттің ең жақсы кұрылымы туралы пайымдауға арнапған.
Қоғамдық өмірде жеке меншік жоқ, адамдардың бәрі тең. Дене еңбегі адамдардың бәрі үшін міндетті, себебі еңбек өмірлік кажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатка созылатын еркін еңбек. Ой еңбегімен ең дарынды адамдар айналысады.
Томас Мор (1614-1687)
«Утопия»
Мемлекет басшысы - терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам, есімі Утоп. Ол киялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған. Ол дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Дінді сақтаушылар - сайланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті жоғары қояды

Никколо Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы


Макиавеллидің ойынша, адамдар табиғатынан қатыгез, алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет.
Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырьш басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа - біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет.
Бұл максатқа жету үшін құралдың кез-келген түрін пайдалануға болады. Макиавеллидің әйгілі «Мақсат құралдарды ақтайды» қағидасы осылайша пайда болды.»Саясатта мораль жоқ, саясатта тек қана мақсатқа сәйкестік бар» деп, Макиавелли моральды саясаттан бөліп алды
Никколо Макиавелли
1469-1527

Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо).


Томас Гоббстың ойынша, адамдарды коғамга біріктіретін күш - тек қана өзара күрес, тоқтаусыз соғыстың қауп-қатерінен қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып. оның үстемдігін мойындауы қажет.
Джон Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және кұқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) теңсіздіктің себебін жеке меншіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Бақытты қоғамды орнату үшін жеке меншікті жоюға шақырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет