Томас Гоббс (1588-1679) Джон Локк (1632-1704) Жан-Жак Руссо (1712-1778)
Марксизм: қоғам туралы жаңа түсінік
Карл Маркс 1818-1883 Фридрих Энгельс (1820-1895) К. Маркс бұрыңғы философияның қоғам туралы түсініктерінің анықсыздығын, “робинзонада” мен “левиафанаданың” негізгі кемшілігін: адамды қоғамнан бөліп алып қарауын – жеңіп шығып, қоғам туралы жаңа ғылыми-философиялық анықтаманы берді: - “Қоғам - бұл басқа адамдармен қатынастардағы адамның өзі”
“Қоғам - бұл адамдардың өзара әрекеттесуінің өнімі”. Маркс қоғамның материалдың іргетасын материалдық өндіріс құрайды деп, қоғамның әрекет етуі мен дамуының негізгі төрт заңдарын атап көрсетті:
1) материалдық өндіріс тәсілдің бүкіл қоғамдық үрдістерге шешуші ықпал ету заңы 2) өндіріс қатынастардың сипаты өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес келу заңы 3) экономикалық базистің саяси -құқықтық қондырмаға шешуші ықпал ету заңы 4) әлеуметтік революциялар заңы
Фридрих Энгельс қоғамды материя қозғалысының ең жоғарғы және күрделі әлеуметтік түрі деп анықтады
Карл Маркс 1818-1883 К. Маркс қоғам тарихын материалистік тұрғыдан түсінуді ұсынды. Ол философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешуді қоғамды түсінуде қолданды. Қоғамнық матери-алдық өмірі (қоғамдық болмыс) бірінші, рухани өмір (қоғамдық сана) екінші; туынды деп түсінді. Адамзат тарихында Маркс қоғамның бес типін ажыратты. Оларды “қоғамдық-экономикалық формациялар” деп атады. Олардың үшеуі таптық сипаттағы қоғам (құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік), өйткені жеке меншікке негіз-делген. Карл Маркс адамды адам тарапынан қанауды, таптар күресін жеке меншікпен тікелей байланыстырды. Ол жеке меншікті революция жолымен жойып, қоғамдық меншіктің негізінде әлеуметтік теңдікті орнатып, коммунистік қоғам-ға өту керек деген ілімді ұсынды.