Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері



бет7/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Арт-терапиядағы диагностика
1.Дайындық кезеңі яғни, шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің міндеті - топ мүшелерінің спонтандық көркем сурет іс-әрекетіне дайын болулары және топ мүшелерінін өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы. Бұл жерде психологиялық ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде бақылау жойылады да реалаксация жүреді. Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар суретті пайдалануға болады. Көптеген советтік шетелдік ғалымдардын: (С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе және т.б) айтуынша әуенді терапия ретінде пайдаланады. Әуен адамның көңіл-­күйіне әсер етеді және емдеу үрдісін көп әсерін тигізе отырып, толық жазылуына мүмкіндік беріп, озінің ішкі жан-дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. Терапия кезінде сөзі жоқ әуенді таңдау керек және даусы топ мүшелерінің біреуіне ұнамай қалса да, басқа әуен қосу керек. Соңын бимен және қимыл-қозғалыс терапиясымен ұштастыруға бола
2.Жеке дара бейнелеу жұмысымен шұғылдану. Бұл кезең өзінің түйінді мәселесі мен жан күйзелісін зертгеуге арналған жеке дара бейнелеу жұмысы. Спонтандық шығармада, яғни бейнелеу жұмысында адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы елестер) көрінеді. Сонымен қатар, арт-терапия адамның ішкі күйін ашуға көмектеседі. Осының арқасында адам сөзсіз-ақ айта отырып өзінің мәселесі жайында түсінеді және өзінің бойындағы қасиеттерін тани отырып, талдау жасап үйренеді. Топ мүшелерінің суреттері арқылы қимыл-қозғалыс, тәртіптерін білуге болады. Топ мүшелері экспрессияға дайындалу деңгейі арқылы, арт-терапевтпен қатынасқа және өзінің күйзелістерін ашық айта алуларынан ерекшеленеді. Кейбір адамдар суретін идеалды, әдемі салуға тырысады. Бұл кезде оларға суреттің әдемілігі бағаланбайды деп ескерткен жөн. Керісінше, ең қажеттісі спонтанды шығармашылық үрдіс, сурет салушының эмоциялық жай-күйі, оның ішкі дүниесі және өзін-өзі көрсетудегі адекватты заттар. Бұл кезең жанама диагностика болады. Жобалау әдістемелерінің талдауы бойынша талдауға болады. Сурет салып отырган кезеңде жеке адамның «осында және қазір» принципін, күйзелістерін жасыруын, сезімдерін бақылап отыруын қадағалап қарау керек. Түрлі-түсті бояулар нақты түрде көңіл-күй мен психикалық күйдің нюанстарын көрсетеді. Өте қатты күйзелісте жүрген адамға, қорқыныш сезімі бар, агрессиясы адамға пластилиндік материалмен жұмыс жасаған өте жақсы көмектеседі. Бұл техниканы қолдау арқылы сенімсіздікті жоюға, жағдайға байланысты үрейді жояға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет