Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері



бет4/16
Дата16.02.2023
өлшемі187 Kb.
#68491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Аяқ астындағы топырақ.
Бұл тек қана физикалық тірек емес, сонымен қатар шынайы Фрейд принципіне метофора. Адам қаншалықты топырақты сезсе, ол соғұрлым қатты ұстайды және сезімдерін басқара алады. Топырақпен қатынас энергиялық контакт орнатады және тұрақты сенімділікті туғызады.


Негізгі процедуралары.

. Тыныс адамды қозғалысқа келтіретін энергияның көзі. Сондықтан барлық биоэнергетикалық жаттығулар тынысты реттеуден басталады. Райхтың ортодоксалды терапиясында клиент шешініп, жатып, терең тыныс ала бастайды, сол арқылы өз дене түйсінулеріне дайындалады.


Лоуэн де денелік терапия топтарындағы жаттығуларды тыныстық жаттығулардан бастады. Бірақ адам әдетте қиын, күрделі позада болады, табуретке арқасымен жатып, қолын екінші бір табуретке тигізеді. Негізінде симпатикалық вегатативті жүйке жүйесі денелі стресспен реакцияға дайындайды, адреналиннің бөлінуін нормалайды, қандағы қант құрамын арттырады. өз кезегінде парасимпатикалық жүйке жүйесі дене ресурстарын сақтап қорғау және бөліну функцияларын басқару арқылы жүзеге асады.
Тынысты уақытша тоқтату терең сезімдік қобалжулардан сақтанудың жолы болып табылады. Оларға ашу, ыза, қайғы, қуаныш жатады. Дене терапевтері жылдам тыныс алу мен ішкі қобалжудың тікелей байланысына назар аударды. Лоуэн қобалжу сөзі мен немістің angst сөзімен, яғни тар жердегі қылқыну сөздерін байланыстырады. Физикалық деңгейде тар жер кеңірдекті білдірсе, тамақтағы қылқыну болады, яғни қобалжудың әсерінен кеңірдек бұлшықеттері тырысып, тыныс тарылады. Бұлшықеттің тырысуы қатты және күтпеген сезімдерді бақылауға алуға мүмкіндік береді. Қобалжу дененің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқыған эмоцияналды күй. өзін өзі тану және жаңа іс әрекеттерді игеру процесі топтың алғашқы сатыларында адамда қобалжуды туғызады. Адамдар күрделі күтпегеньсезімдерді сезінгеде жауапты реакцияның кешігіп келуі де сол себептен. Сезімдердің баяулауы өзімен өзі болатын процесс, бұл процесс барысында денеде тырысу аймақтары п.б. олар өз кезегінде дененің энергетикалық деңгейін төмендетеді. Арнайы амалдар мен жаттығулар арқылы біздің тырысқан бұлшықеттерді жұмсартамыз, мысалы жақтың бұлшықеттерін жұмсарту арқылы тыныс алмыз, өз кезегінде ол күтпеген сезімге қарсы жақсы амал бола алады
Денені бағалау және күрделі позалар.
Биоэнергетикалық топ қатысушылары әдетте кең киім киеді. Жеңіл киім кигенде адамдар денелік жаттығуларды жасауға еркіндікке ие болады және өз денесінің бұлшықеттік қорғанышының кез келген фрагменттерін көруге мүмкіндік алады. Лоуэн топ қатысушыларының толық жалаңаштауын қолдамайды, себебі ол адамдарды терапиялық мақсаттардан ауытқып, қатты қозуына алып келеді. Биоэнергетикалық анализді игерген адамдар өзінің жеке қасиеттеріне байланысты иаңызды шешімдер қабылдап үйренеді. Лоуэн тек бір мінездемеге негізделген диагностикалық жүйе құрды.
Әдеттегі биоэнергетикалық топтарда әр адам жеке топ алдына шығып, айнаның алдында тұрады. Ал қалғандары оны бақылайды. Сосын топ мүшелеріне алдында тұрған адамды сынау беріледі. Мысалы: бір адам тым арық болса, екіншісінің аяғы тым жуан болса т.с.с. әр адамның жеке физикалық бейнесін алады, сонымен адамның проблемасын байланыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет