Лекция қр конституциялық құқығының негіздері Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері



бет11/37
Дата29.04.2023
өлшемі150,41 Kb.
#88443
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
дәрістер жиынтығы 2




6-ЛЕКЦИЯ

ҚР жер қоры


Қазақстан орасан зор жер қорымен қамтамасыз етілген және әлемде тоғызыншы орын алады. Ақырғы деректер бойынша республикада адам басына 15 га ауыл шаруашылығы жерлері келеді, бұл көрсеткіш бойынша әлемде екінші орын аламыз, тек Австралияны алға жібереміз.
Жер қорының жалпы ауданы 272490,2 мың га немесе б. ССРО жерлерінің 12,2 %. Ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 222491,8 мың га (81,6%), оның іщінде егістік 21791,6 мың га, шабындықтар 5021,6 мың га жайылымдар 185187,8 мың га, көпжылдық екпелер 138,6 мың га.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді және аудандары 2006 жылғы есеп бойынша мынандай:

      1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 85,0 млн га;

      2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер және ауылдық елді мекендердің) жері – 21,2 млн га;

      3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн га;

      4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер – 3,3 млн га;

      5. орман қорының жері – 23,4 млн га;

      6. су қорының жері – 3,7 млн га;

      7. босалқы жер – 122,0 млн га.

Жер қорын табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша былай бөлінеді: орманды дала - 0,8 млн. га (0,3 %); дала аймағы - 26,5 млн.га (9,7
%); қуаң дала аймағы - 62,4 млн. га (22,9%); шөлейтті - 37,2 млн.га (13,7%); шөлді аймағы - 112,1 млн.га (41,1%); тау етегі-шөлді-далалық - 12,3 млн.га (4,5%); субтропикалық шөлді - 4,4 млн.га (1,6%); субтропикалық-тау етегі-
шөлді - 3,5 млн.га (1,3%); орта азиялық таулы - 10,1 млн.га (3,7%); оңтүстік- сібір таулы аймақтар - 3,2 млн.га (1,2%).

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай- ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиіс. Бұл жерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:

  1. жеке меншікке – Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;

    1. жеке меншікке немесе пайдалануға – Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал

шаруашылығын жүргізу үшін;

  1. шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерінің негізінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты жасалады.

  1. Елді мекендер жері. Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық (селолық) елді мекеннің шегі арқылы шектеледі.

Елді мекендер жерінің құрамына:

  1. тұрғын жай салатын жер;

  2. қоғамдық іскерлік құрылыс салатын жер;

  3. өндірістік құрылыс салатын жер;

  4. көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері;

  5. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер;

  6. су айдындары мен акваториялар жері;

  7. ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

  8. ортақ пайдаланудағы жер;

  9. қала құрылысы қызметіне тартылмаған, елді мекенді аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегі және өзгеде жер;

  10. арнайы мақсаттағы жер;

  11. қорғаныс қажеттері және өзге де пайдалану режиміндегі жер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет