Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы



бет14/15
Дата19.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#84602
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
соц лекция

Дін тарихы. Әлемдік тарихта күшті әсері бар: Буддизм, христиан және ислам.
Буддизм - өте ертеде, бұдан 25 мың жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны – имандылық саласындағы адамдық қалып және тәртіп қазіргі уақытта буддизм ‡нді, қытай жарты аралдарында маңызды қоғамдық саяси және мәдени рөл атқаруда.
Христиан діні буддизм дінінен бес ғасырдан кейінен келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған дін. Негізгі басшылыққа алатын заңы - қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады.
Ислам кейіннен пайда болған әлемдік дін. Бүгінгі әлемде 1,5 миллиардтан астам адам сенеді. Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ісләм дінінің бұлжытпай орындауға тиісті заңы - әасиетті кітап болып есептелетін құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген.
Діни ұйымдар. Дін құрылымының негізі элементі – діни ұйымдар. Діни ұйымдарға алдымен шіркеулер, мешіттер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар діни секталар, діни оқу мекемелері, діни мүліктер, діни қозғалыстар т.с. жатады. Шіркеулер, мешіттер діндердің біршама дербестігі бар институттар, мекемелер. Шіркеулер мен мешіттер белгілі-бір дінді ұсынатын адамдардың мәнәжаттарын ұйымдастыруға көмектеседі, оларға жағдай жасайды, оларды күнделікті күйбең тіршіліктен біраз уақыт болса да босатып, көңілдерін құдайға бағыттауға жол ашады.
Діннің қызметі. Діннің адам өміріндегі қоғам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Діннің қызметтері негізінен алты салаға, алты бағытқа бөлінеді. Діннің қызметтерінің бірінші бағыты – дүниеге көзқарастық қызмет. Діннің қызметтерінің екінші бағыты (функциясы) бағалаушылық қызметтер болып табылады. Діннің қызметтерінің үшінші бағыты реттеушілік қызметтері. Діни сана, қоғамның құқытық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің қатынастарын, адамдардың қауымдастықтарға қатынастарын, адамдардың құдайға қатынастарын, яғни, адамдардың туғаннан бастап өлгенге дейінгі барлық қарым-қатынастарын реттеп отырады. Діннің қызметтерінің төртінші бағыты - өтемпаздық қызметтері болып табылады. Тағы бір бағыты топтастыру қызметтерінен тұрады.
Дәріс мына мәселелерден тұрады. Дін мәселесі туралы әлеуметтік теорияның уәкілдерінің көзқарастары: К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм.

15 тақырып. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау

Лекцияның мақсаты: Социологиялық теориялардың эмпирикалық зерттеулердегі атқаратын қызмететрін көрсету

Негізгі ұғымдар: Эмпирикалық зерттеулер, бақылау және құжаттарды талдау, эксперимент

Дәріс жоспары:
1.Социология пәні мен объектісінің теориялық-әдіснамалық құрылымы.
2.Социология ғылымының деңгейлері: 1) жалпы теория, 2)салалалық немесе орта деңгейлік теория, 3)эмпирикалық зерттеулер.
3.Теория, әдіснама және әдіс ұғымдары. Олардың ара байланыстары.
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қоғамның өмір сүру барысында сан қырлы құбылыстар, уақиғалар және процесстер жүріп жатады, олар өмірдің барлық саласын (саясат, экномика, әлеуметтік-рухани қамтиды. Оларды теориялық ойдан өткізуіміз керек. Соцологияның ғылым есебінде уақиғаларды, процесстерді жүйелі зерттеу, жинақтау тәсілдері бар, теорияны оларды қорытуға, баға беруге пайдаланады.
Соцологиялық зерттеу дегеніміз – қазіргі біздің назарымызда тұрған қоғамдағы құбылыстар уақиғалар, процестер туралы ілім алуға бағытталған іс-әрекет. Мысалы, адамдардың меншікті мемлекеттен ажыратуға, жекешендірулерге, нарықтық қатынасқа, Президент, үкімет, парламент саясатына, халықтың әлеуметтік тұрмысына көппартиялыққа т.б. қатынасы.
Қажетті ақпаратты нақтылы социологиялық зерттеулер арқылы аламыз, жекелеп айтсақ, белгілі адамдардың топтарынан сұрау арқылы (мысалы, анкета). Мұндай зерттеуді жүргізу үшін мына сұрақтарға жауап береміз: не үшін сөраймыз? Не туралы? Кімнен? Қай жерде? т.б. Сондықтан социологиялық зерттеудің алғашқы кезеңінде оның бағдарламасын және тәсілін жасау керек, бүкіл зерттеу процесін ойластыру, таңдау жүргізу қажет (кімнен сөраймыз, анықтау қажет). Екінші кезеңде адамдардың пікірін зерттеу, ақпарат жинау жүргізіледі. ‡шінші кезеңде - алынған ақпаратты қорыту. (Есеп немесе қорыту нәтижесі жайлы хат түрінде). Бұлардың бәрі өзара байланысты, бірлікте, бір мақсатты – зерттелетін, процесстер мен құбылыстар түралы нақтылы материал алуды көздейді.
Социологиялық зерттеу үш түрге бөлінеді, сірә, ол зерттеудің күрделілігіне немесе басқа сөзбен айтқанда, зерттейтін уақиғаның төңірегіне, маңызына байланысты болуы.
Социологиялық зерттеудің ажыратылатын түрлері: барлау, сипаттама және талдау.
Ең күрделі түрі – талдау. Оны жүргізудің негізі – терең дайындалған бағдарлама және мұқият тексерілген инструментариясы болуы (анкета, сұхбат, т.б.). Бұл зерттеу уақиғаның құрылымдық элементтерін ғана зерттеуге бағытталмайды, оның себептерін, сипатын, басқа да сапаларын анықтауға бағытталады. Мысалы, еңбек өнімділігін зерттеу және оның орындалмау себептері. Бұл ұжымның іске саналы қатынасының нашарлығынан ба әлде жеке адамға байланысты ма? Мүмкін ол жаңа техника мен технологияның нашарлығынан шығар. Еңбекті ұйымдастыру процесі дұрыс емес болуы мүмкін. Осы сұрақтарға зерттеу нәтижесінде жауап алынады. Таңдаулық зерттеу көп дайындықты қажет етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет