Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді: субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен шаруалар);
өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер);
жалпылама (шенеуніктер).
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды.
Жүсіп Баласағұнның, Махмұт Қашкаридің. Ахмет Игүнекидің, Мұхамед Достидің және Иби Рузбиханның, Қоркыт-Атаның, Қожа Ахмет Иассауидің ілімдері. VIII-XI ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің таралуына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру ісі мен ғылым дамыды. Араб Шығысы мен Үнді-Иран және Орта Азия әлемінде аталған кезеңде әдебиет пен ғылымның, саяси ой пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки және тағы басқа ғұламалардың шығармалары мен еңбектері кеңінен мәлім болды.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде қалай бақытқа жетуге болады деген сұраққа қалай жауап бергенін көре аламыз. Шығарманың негізінде әртүрлі қасиетке ие төрт мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке «Күнтолды» (Ел басшы), Бақытқа «Айтолды» (уәзір), Ақылға «Өдүлміш» (уәзірдің баласы), Игілікке «Оғдұрмыш» (уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тәуесіз өмір сүре алмайды деп қорытынды жасайды.
Билеушілер мен әкімдер халық мүддесімен санасып билік етсе елге ұнамды болады. «Патша жоғарылаған сайын жүгі ауырлайды», «Жақсы тәртіп орнат – сонда сыйлайды, опасыз халық бір уысқа сыймайды». Билік – мансап үшін берілген сыбаға емес. Билеушінің сыйлы болуы оның орнатқан тәртібіне байланысты болмақ. Ел билеу тек жақсы заңдар мен ережелерден тұрмайды. Саясат Баласағұнның ойынша, мемлекетті басқарудың сан қилы әдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, әлсізді қорғау, қажетті жағдайда күш те қолдана білу.
Махмұт Қашқари («Диуани лұғат-ат-түрік») әкімдердің ел билеуде ақыл-парасат пен әдептілікке және кішіпейілділік үйір болуын талап етті. «Ұлық болсаң – ізгілік ет», сонда ғана сенің қарамағыңдағы халық соңыңнан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз әдеттер әкімдер үшін олардың қызмет бабына сиыспайды. Ел билеуде күшке сенгеннен ақылға жүгіну әлдеқайда тиімді нәтиже береді. «Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың».
Өзінің жеке басының пайдасын күйттеген әкімдер елге опа әпермейді. Әкімнің барлық іс-әрекеті халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені де жасыра алмайсың, қандай ауыр кезең болса да халқыңмен бірге болуды үгіттеген.
«Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші қазына кілтін ұстаған адамға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере ет. Бүгін қалсаң, өзің де ұрысың».
«Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар – сонда бол, қуаңшылық жылында, халық қайда – сонда бол». Халық болмаса, сенің билігің кімге керек, билік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасты тәртіптілік пен заңдылықты сақтаумен бірге, шаруашылық істермен реттеуге, әділдікті қалпына келтіруге, зорлық-зомбылықты болдырмауға да арналған.
Ерте түрік дәуіріндегі ірі ойшылдардың бірі, бүкіл түркі елін бірлікке шақырған Қожа Ахмет Иссауи еді. Иссауидің басты еңбегі «Диуани хикмент» («Даналық кітабы»). Ол адам мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ислам дінінің өнегелікке, таным-болмысқа қатысты ақыл-ой, парасат туралы құндылықтарын кең насихаттаған ол бұқара халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз істерін сынайды, бұл дүниенің жалғандығын сынайды. Оның сопылық ілімінің басты мақсаты адамды жетілдіру, адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді сынау. Сондықтан да Иссауи құдай атынан парасаттылыққа, әділдікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады». Жамандықты жасаушы адамдар, оны алла да жақтырмайды.
Адамдардың барлығы құдай алдында тең. Олардың теңсіздігі адамдардың жағымсыз іс-әркеттерінен туындаған. Ахмет Иссауи адам бойында кездесетін тойымсыздық, ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық сияқты жаман қасиеттердің болатынына өкініш білдіреді, мұндай жағымсыз әдеттерден арылуға шақырады, адамдарды бір-бірін құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді.