Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Еуропалык Ағарту кезеңіндегі саяси идеялар: М.А. Вольтер. Ж.Ж. Руссо, Ш. Монтескье. Ш.Л. Монтескье



бет15/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Еуропалык Ағарту кезеңіндегі саяси идеялар: М.А. Вольтер. Ж.Ж. Руссо, Ш. Монтескье. Ш.Л. Монтескье (1689-1679жж.) француз ағартушысы, заңгер, саяси ойшыл. Оның «Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi бар. Оның негiзгi идеялары:

  • саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк құрылыстың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұсынды;

  • заң шығуына байланысты әр халықта өзiндiк сипаттардың барлығын түсiндiруi;

  • билiктi бөлу идеясын дамытты, оны бөлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол бермеу деп санады;

  • бостандық – заң мен ерiк берiлген нәрсенiң барлығын iстеу құқығы.

Ж.Ж. Руссо (1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi. «Адамдар арасында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар», «Саяси экономия туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси құқық принциптерi туралы» еңбектерi бар.
Ол табиғи жағдайда жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең деп санады. Жеке меншiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болуынан табиғи теңдiк бұзылды, байлар мен кедейлер арасында күрес басталды деп жазды. Ж.Ж. Руссо халықтар мен билеушiлер арасындағы нағыз келiсiм, саяси организм құру концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша әркiм өзiнiң жеке мүддесi мен тұлғасын, өзiнiң барлық күшiн жалпы игiлiкке бере отырып, тұтастың бөлiнбес бөлiгiне айналады. Ж.Ж. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi.
Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Ж.Ж. Руссо басқарудың демократиялық, аристократиялық, монархиялық түрлерiн ұсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару халықтың қолында болады. Ж.Ж. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн, аристократиялық басқару орта мемлекет үшiн, монархия iрi мемлекеттер үшiн тиiмдi басқару формасы деп санады.
XVIII ғасыр аяғы және XIX ғасырлар басындағы саяси ілімдер: Ф. Гегель. И. Кант, Г.Фихте, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн
ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы «Философиялық революция»: И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік рух.
Сыншыл утопиялық-социализм, Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн: капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
Фридрих Гегель мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырды. Еңбектері: «Германия Конституциясы», «Рух философиясы», «Құқық философиясы», «Тарих философиясы» «1831 жылғы реформа жайлы ағылшындық билль» т.б.  
Ф.Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет