Байланысты: Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ
Р.Михельс (1876-1936жж) элитологияның негізгі классиктерінің бірі, оның теориясының негізгі бағыттары мынадай:
Элитаның билігі оның ұйымшылдығына тәуелді, яғни тек ұйымшылдық қабілеті ғана билікке кепілдік бермейді, сондай-ақ кез келген ұйымшыл қоғам элитаның әрекет етуіне жағдай жасайды;
Кез келген қоғамдық ұйымның элитарлық құрылымының болуы сөзсіз;
Партиялардағы билік іс жүзінде азғана адамдарға тән, олар партиялық иерархияның жоғары сатысындағылар;
Кез келген ұйымға элитаның билік үшін күресі тән. Ескі мен жаңа көсемдер арасындағы күрес біріншілердің алшақтауымен аяқталады. Бұл процестің қорытынды актісі элитаны ауыстыруға ғана емес, оны қайта ұйымдастыру. Олардың бірігуі жүзеге асады;
Демократияның басқару аппаратынсыз мүмкін еместігі, соңында артықшылыққа ие адамдар тобын қалыптастырады.
Р.Михельстің негізгі қорытындысы, үлкен ұйымдарды олигархиясыз басқару техникалық мүмкін емес.
Моска, Парето, Михельс теориялары мемлекетті басқаратын немесе оған талпынатын топтарды теориялық және эмпирикалық зерттеуге итермеледі. Элитаның қазіргі заманғы теориялары әр түрлі. Тарихи алғашқы теория, әрі қазіргі кезеңде өз мәнін жоймағаны макиавеллилік мектеп /Моска, Парето, Михельс/ болып табылады. Оларды біріктіретін мақсаттар мыналар:
Элитаның ерекше сапасы, оның басқару мен ол үшін күресте көрініс беретін табиғи дарынымен және тәрбиесіне байланысты;
Элитаның топтық тұтастығы. Топтың тұтастығын тек кәсіби статус, әлеуметтік жағдайы мен мүдделер ортақтығы ғана емес, сонымен бірге элитарлық өзіндік сана, басқаруға деген құштарлық да қалыптастырады;
Элитарлықты кез келген қоғамнның мойындауы, оның артықшылыққа ие шығармашылық азшылық пен белсенділігі төмен, шығармашыл емес көпшілікке бөлінуі;
Элитаның қалыптасуы мен ауысуы билік үшін күрес барысында жүзеге асады;
Элитаның қоғамда жалпы конструктивті, басқарушы, билеуші рөл атқаруы;
Элитаның макиавеллилік теориясы психологиялық факторлардың маңызын арттырғандығы, бұқараның қабілеті мен белсенділігін есепке алмағаны, қоғамның эволюциясын жеткілікті есепке алмағаны, билік үшін күреске қатынасының дұрыс еместігі үшін сынға алынды.