Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет28/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96
Конституциялық монархияда монархтың билiгi белгiлi бiр дәрежеде заң шығаратын билiк, парламентпен шектеледi. Басқарудың бұл түрi Англияда пайда болды және қазiргi кезде ойдағыдай қызмет етуде. Конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Швеция, Жапония т.б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттiк билiктiң барлық жоғары органдары белгiлi бiр уақытқа сайланатын немесе өкiлдiк мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттiк басқарудың түрiн айтамыз. Республика президенттiк және парламенттiк болып екiге бөлiнедi.
Президенттік республиканың негізгі белгілері:

  • Президент қолына мемлекет және үкімет басшысы өкілеттіліктерінің шоғырлануы;

  • Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы;

  • Парламенттен тыс президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру;

  • Президент қолына ауқымды биліктің шоғырлануы;

  • Парламентте үкіметке сенімсіздік білдіру құқығының болмауы.

Парламенттік республиканың негізгі белгілері:

  1. Парламент үстемдігі;

  2. Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі;

  3. Үкіметті парламенттік негізде саяси партия жетекшілерінен қалыптастыру;

  4. Мемлекет басшысын парламентте сайлау;

  5. Үкімет басшысын (премъер-министрді) президент тағайындайды.

Мемлекеттiң аумақтық-саяси құрылымы. Мемлекет басқару түрiмен қатар құрылысына қарай да жiктелiнедi. Мемлекеттік құрылыстың формасы – бұл орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді.
Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi: унитарлы, федерация, конфедерация.
Бiртұтас мемлекет /унитарлы мемлекет/ түсiнiгi латынның «unuz» сөзiнен шыққан. Ол бiртұтас, бiрiккен деген ұғымды бiлдiредi. Бiртұтас дегенiмiз бiр мемлекет, ол ұсақ мемлекеттiк құрылымдарға бөлiнбейдi, онда әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер ғана болады. Бiртұтас мемлекеттiң екi: қарапайым түрi, тек әкiмшiлiк-аумақтың бөлiнiстерден (Қазақстан, Польша, Тайланд, Алжир, Колумбия) тұрады, ал күрделiсiнде өз құрамында автономияның бiр немесе өзге де түрлерi (Италия, Филиппин, Никарагуа т.б) болады. Унитарлы мемлекеттің белгілері:
- бүкіл мемлекет үшін бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болуы;
- бір конституция, бірыңғай заңшығару жүйесі, бір азаматтық, бірыңғай қарулы күштің болуы;
- әкімшілік-территориялық бірліктер егемендікке ие емес т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет