Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары мен қазіргі теориялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.
Саяси көшбасшылық - өте күрделi, субъектiлi-объектiлi сипатты және саясаттанудың қызықты мәселесiнiң бiрi. Саясаттың субъектiсi мен объектiсi ретiнде адамдар өздерiнiң саяси мүдделерiмен, құндылығымен, мәдениетiмен әрекет етедi. Әр дәуiрде, таптар мен әлеуметтiк топтар көшбасшы қажет еттi, оған әр түрлi талаптар қойды, оның негiзгi өлшемi қызметiнiң нәтижесiнде сол қауымдастықтың сұранысы мен мүддесiн қанағаттандыруы тиiс. Белгiлi француз саясаттанушысы Жан Блондель «көшбасшылық те адамзат сияқты ескi. Ол жан-жақты, қажеттi және онсыз мүмкiн емес. Ол барлық жерде - үлкен және ұсақ ұйымдарда, көше бұзақыларында және жаппай демонстрацияларда бар. Көшбасшылық өмiр сүруi үшiн топтар өмiр сүруi тиiс, қай жерде топтар болса онда көсемдер де бар» - деп жазды.
Адам дамуының алғашқы кезеңдерiнiң өзiнде-ақ оның өмiр сүруi қандай да бiр топтық iс-әрекет пен мiнез-құлық моделдерi қалыптасуынсыз мүмкiн емес болды. Ал, бұл тәжiрибелi, күштi, ақылды, өз қауымдастары арасында сенiмге, беделге ие адамдар көшбасшы рөл атқаратын қоғамдық өмiр тәртiбiн таңдауға итермеледi. Көшбасшылық қоғам бiрте-бiрте күрделi формаларына көшбасшылық институттарға, топтық көшбасшылықке өттi.
Көшбасшы /лидер/- жеке ықпалымен әлеуметтiк және саяси процестерде шешушi рөлге ие ұйым немесе ұсақ топтың беделдi мүшесi.
Көшбасшылық - бұл топтық қызметтi интеграциялау механизмi, сонымен бiрге ұйым мен индивид мақсаты үшiн жеке адамдар мен топтарға тұлғалық ықпал етуге қабiлетi. Саяси көшбасшылық - адамдардың саяси мiнез-құлқы мен саяси қызметiне ықпал етудiң жеке тұлғалық қасиетi. Оның негiзгi ерекшелiгi- билiк феноменiмен тығыз байланысты болуында.