Саяси көшбасшылық анықтамалары: Саяси көшбасшылық феноменi билiк феноменiмен байланысты. Саяси көшбасшылық- бұл билiк қатынасы мен әртүрлiлiгi. Билiк- көшбасшылықтiң негiзгi ингредиенттi;
Көшбасшылық- бұл басқармалық статус, әлеуметтiк бағыт, саяси шешiм қабылдаумен байланысты, бұл басқарушы қызмет;
Саяси көшбасшылық- бұл саяси жүйенiң негiзгi институттарының бiрi.
Саяси көшбасшылық- бұл тұрақты, приоритеттi және легитимдi, бүкiл қоғамға, ұйымға немесе топқа билiкке ие бiр немесе бiрнеше адамдардың ықпалы;
Саяси көшбасшылық- арнаулы нарықтық қатынаста жүзеге асатын өзiнше кәсiпкерлiк, онда саяси кәсiпкерлер бәсекелiк күресте өздерiнiң қоғамдық тапсырмаларды шешетiн бағдарламаларымен айырбас ұйымдастырады;
Саяси көшбасшылық- бұл соңғы нәтижесiнде саяси әрекетке әкелетiн бағыт.
Саяси көшбасшылық- бұл көшбасшы мен халық арасында қалыптасатын қатынас. Бұл қатынас не бiрiгу, не шиеленiс моделдерiмен дамиды.
Сонымен «саяси көшбасшы» категориясы саяси қызмет субъектiсiнiң түрiн /субъект-лидер/, қызмет субъектiсi мен объектiсi арасындағы қатынасты /көшбасшылық/ және саяси институт- көсемдiктiң әрекет етуi мен таратылуы механизмiн бiлдiредi.
Саяси көшбасшылық категориясы екi аспектiнi қамтиды:
1) формальдi басқарушылық - қызметтiк статус, билiктi иеленумен байланысты.
2) субъективтi қызмет, әлеуметтiк рөл атқарумен байланысты.
Көшбасшылық құрылымында үш негiзгi компонент кездеседi:көшбасшының жеке қасиетi; онда бар ресурстар мен құралдар; ол әрекет ететiн және оған ықпал ететiн ахуал /ситуация/. Бұл компоненттер көшбасшылықтың нәтижелiгiне тiкелей ықпал етедi.
Саяси көшбасшылық белгiлерi: өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;
қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;
бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң болуы;
қажеттi саяси мәдениет деңгейi;
сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн көшбасшы имеджi;
танымалдылық;
көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;
халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде қолдауына ие бола бiлу;
өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;
қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.
Саяси көшбасшылыққа көптеген себептер ықпал етуi мүмкiн. Саясаттанушылар мен психологтар ондай онға жуық факторларды атап көрсетедi. Олардың iшiнде: көшбасшының негiзгi саяси сенiм-нанымы; оның саяси стилi; ол басшылыққа алатын мотивтер; оның қысымдар мен стрестерге реакциясы; ол алғаш рет қалай көшбасшылыққа жеттi; оның өткен тәжiрибесi, қызметiн алғаш бастаған саяси ахуал; қамқорлық таланты.
Осы аталған факторлардан мынаны байқауға болады көшбасшының өз айналасындағылармен, көмекшiлерiмен қарым-қатынасы оның бағытын күшейтуi немесе әлсiретуi мүмкiн. Бұл туралы Н.Макиавелли «басқарушы ақылдылығы ең алдымен өзiне қандай адамдарды жақындататындығымен бағаланады» - деп жасады.
Саяси көшбасшы концепциялары. Саяси көшбасшылықтiң күрделi әлеуметтiк-саяси және психологиялық табиғаты бұл құбылысты зерттеуге қызығушылықты тудырды. Солардың iшiнен ең кең тараған концепцияларға тоқталайық. Көшбасшылықтiң волюнтористiк теориясының негiзгi өкiлдерi Т.Карлейль /1795-1881ж./ және Ральф Эмерсон /1803-1883ж./ тарихты көрнектi тұлғалардың шығармашылығының нәтижесi, бұхараны «қараңғы», ол көшбасшың бағыт берушi әрекетiнсiз өмiр сүре алмайды деп түсiндiрдi. Волюнтористiк концепцияда көшбасшы барлық проблеманы шеше алатын күштi тұлға. Шын мәнiнде, қатал, талапшыл тұлға қызметi белгiлi бiр кезеңдерде нәтижелi болуы мүмкiн. Бiрақ көшбасшының негiзгi мiндетi белсендiлiктi көтеру, бейжайлықты жою, көпшiлiктi қоғамдық мәселердi шешуге тарту.
Саяси көшбасшылықты зерттеуге ерекше үлес қосқан Н.Макиавелли, оның саяси көшбасшы - патша /государь/ бүкiл қоғамның бiрiктiрушiсi және өкiлi, қоғамдық тәртiп пен өз үстемдiгiн сақтау үшiн әртүрлi құралдарды қолданушы.
Көшбасшылық концепциясына үлес қосқанның бiрi - Габриэль Тард, әлеуметтендiру теориясының негiзiн салушы. Тард әлеуметтiк өмiрдiң негiзгi заңдылығы көшбасшылер сабақтастығы екенiн дәлелдеуге тырысты. «Көпшiлiк тұрғындар дербес әлеуметтiк шығармашылыққа қабiлетсiз. Қоғамдық прогрестiң негiзгi көзi белсендi, ерекше тұлғалардың ашулары»- деп жазды.
Көшбасшылықтың психоаналитикалық мектебiнiң негiзiн салушы З.Фрейдтiң көшбасшылық концепциясы- бұл жеке тұлғалық беделдiң топ мүшелерiнiң iс-әрекетiне ықпалы. З.Фрейдтiң теориясы бойынша көшбасшылық компоненттерi - көңiл-күйлiк, денелiк, ұйымдастырушылық, ақпараттық.