Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет40/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

2 Құқықтық қызметiне: заңшығарушылық, заңдық нормаларды бекiту, қоғамдық қатынастарды, азаматтардың әрекетiн реттеу сияқты қызметтер жатады.
3 Ұйымдастырушылық қызметi, билiк өкiлеттiлiгiн iске асыру, шешiмдердi орындау, басқарушылық кадрлар корпусын қалыптастыру мен пайдалану, заңның, шешiмнiң орындалуын бақылау, саяси жүйенiң әртүрлi субъектiлерiнiң қызметiн реттеу шараларын iске асыруда ұйымдық тетiктердi пайдалануға негiзделген.
4 Экономикалық қызметi ең негiзгi қызмет болып табылады, бiрақ әр қоғамда әртүрлi көлемде, мазмұнда iске асырылады. Қазiргi кезеңде мемлекеттiң экономикаға қатысуы салық саясатын жүргiзуде, несие бөлуде, экономикалық санкцияларды пайдалануда көрiнедi.
5 Әлеуметтiк қызметi: адамдардың жұмысқа, тұрғын үйге сұраныстарын қанағаттандыруды, қарияларды, мүгедектердi, жастарды, жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғауды және өмiрдi, денсаулықты, меншiктi сақтауды т.б. қамтиды.
6 Мемлекеттiң бiлiм берушiлiк қызметi. Сапалы бiлiм беру болашақтың негiзi, өркениетке жетудiң жолы. Көптеген мемлекеттер қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiн реформалауда, онда балабақшадан жоғары оқу орнына дейiнгi бiлiм берудiң мемлекеттiк саясатын қалыптастыру мiндеттерiн шешуде. Мемлекет ең алдымен бiлiм беру жүйесiн демократияландыру, оның үздiксiздiгiн қалыптастыру, жастарды белсендi өмiрге сапалы даярлау сияқты мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
7 Мемлекеттiң мәдени-тәрбиелiк қызметi адамдардың мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, жоғары руханилық пен азаматтылықты қалыптастыруға бағытталған. Бұл қызметтiң ауқымы өте кең, сондықтан оған мемлекетпен қатар қоғамдық ұйымдар, мемлекеттiк емес құрылымдар, шiркеу, теле-радио кампаниялар, басылымдар, баспасөз т.б. қатысады. Мемлекет бұл саланы қаржыландыру, салық салу сияқты мәселелердi өз бақылауына алуы керек.
Мемлекеттiң сыртқы қызметi елдiң шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердiң iсiне араласу (әскери агрессия, күштеу), мемлекеттер аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одақтар жұмысына да қатысады.
Мемлекеттiң атқаратын қызметi белгiлi бiр дәрежеде қоғамның материалдық (экономикалық), ұйымдастырушылық (саяси), ақпараттық, сондай-ақ адамгершiлiк және этномәдени өмiр салаларын реттеуге бағытталынуы тиiс. Яғни, мемлекет қоғамға икемдi, тиiмдi түрде ықпал етуi қажет. Ең алдымен, мемлекет еркi ақпараттық қарым-қатынас негiзiнде нормативтi түрде халыққа жарияланып отыруы керек. Содан кейiн жеке бостандық пен қоғамдық қажеттiлiктi бiлдiретiн нормалардың iске асуын қамтамасыз ету қажет. Бұлардың барлығы өмiрде қалыптасқан ережелердi қолданбай, олардың орындалуын бақыламай, оларды заң бойынша бекiтпей мүмкiн емес. Бұл мемлекеттiң ретке келтiру жұмыстары, әлеуметтiк өмiрге жүргiзетiн ықпалдары мемлекеттiк билiктi бөлудi қажет етедi. Яғни, бұл бөлiнiс тәуелсiз мемлекеттiң саяси және заңдық тұрғыда икемдi болуына мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет