Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Мемлекеттік биліктің өкілетті институттары



бет41/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Мемлекеттік биліктің өкілетті институттары. Парламент – жоғары өкілділік және заңшығарушы билік (ағылшын тілінде «parliament», француз тілінде «parler» – сөйлеу деген мағынаны білдіреді). Халықтық өкілділік ұйымдар ежелгі мемлекеттердің өзінде де кездесті, мәселен Ежелгі Римде. Бұл халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі, Сенат (Ежелгі Рим), Римдік форум, вече, кұрылтай және т.б. болуы мүмкін. Орта ғасырда сословиялық-өкілділік жүйенің мына түрлері қалыптасты: Францияда Генералдық штаттар, Испанияда Кортестер, Ресейде Земство жиналысы және т.б. Қазіргі парламентаризмнің отаны Англия болып есептелінеді. Англияда парламент ХІІІ ғасырда қалыптасты, бұл король Иоанн Безземельныйдің «Еркіндіктің Ұлы хартиясына» қол қоюымен байланысты болды. Бұл құжат бойынша, король жаңа салықты Королдық Кеңес рұқсатынсыз ендіре алмады.
Енді парламент және парламентаризм ұғымдарының мәнін ажыратып алайық:

  1. Парламент ұғымы саяси сахнаға мемлекеттік биліктің бөліну принципімен дүниеге келді, ол саяси режімнің, тіпті антидемократиялық сипатына қарамай жұмыс істей алады;

  2. Парламент ұғымы парламентаризмге негіз қалайды. Парламент мемлекеттік құрылыстың басты институттарының бірі, ол парламентаризмсіз өмір сүре алады, ал парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды;

  3. Парламентаризмнің шығуын, қалыптасуын, дамуын қоғамдағы конституционализмнің деңгейімен тікелей байланыста қараған жөн. Демек, парламентаризм қоғамның демократиялық-конституциялық саяси құрылымы негізінде ғана қалыптасуы мүмкін;

  4. Парламентаризмнің аса маңызды белгісі парламенттің үстемдігі және оның мемлекеттік билік жүйесінде шешуші орын алуы;

  5. Парламентаризм – саяси плюрализм, биліктің бөлінуі, заңдылық режімі сияқты ерекше жағдайлармен анықталынады;

  6. Парламентризм – парламент институтының дамуы, қызметінің жоғары сапалы болуы;

  7. Парламентаризм – қоғамды мемлекеттiк басқару жүйесiнде заңшы-ғарушылық және атқарушылық қызметтің анық бөлiнуiмен, әрi заңшығарушы ұйымның артықшылық жағдайымен сипатталынады;

  8. Парламентаризм – парламенттің басқа мемлекеттік ұйымдармен өзара қатынасы қалыптасқан, мемлекеттік билік тетіктерінде рөлі мен мәртебесі жоғары, өкілді демократияның қызмет жасауы мен ұйымдастырудың негізгі тәсілі болуы;

  9. Парламентаризм – мемлекеттік биліктің формасы емес, оны жүзеге асырудың әдісі.

Парламент – халық сайлаған ең жоғарғы өкілділік және заңшығарушы ұйым. Алайда, кейбір елдер конституцияларында бұл функциялар бірдей аталып көрсетілмейді. Мысалы, Әзірбайжан, Армения, Украина, Жапония Конституцияларында парламент тек заңшығарушы билік есебінде қарастырылған. Ал, Түркіменстан Конституциясында халық билігінің жоғарғы өкілділік органы деп атап көрсетілген. Әлемдік тәжірибеде парламенттің заң шығарушылық биліктен әлдеқайда кең функциялар берілуі де кездеседі. Мысалы, Ұлыбритания, Индия Конституцияларына сәйкес парламент тұтас үш тұтқаның – мемлекет басшысы, жоғары және төменгі палаталардың қосындысы мағынасы берілген. Сонымен бірге, кейбір елдерде парламент бірден-бір заңшығарушы орган емес, мәселен, Индонезия мен Қытайда басқа органдар да заң қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет