Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Қазақстан Республикасының саяси жүйесі



бет37/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96
3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.


1. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері. Жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылымға енгізген Л. Фон Борталанфи (1901-1972ж.ж.) болып табылады. Жүйе өзара байланысты болатын элементтердің біртұтас жиынтығы, оның бір элементі өзгеріске ұшыраса, онда барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап беру арқылы дамиды.
Дүниедегі барлық нәрсе белгілі бір жүйеге бағынып, өзара байланыстағы элементтердің жиынтығынан тұрады. Жүйе арқылы құбылыстар бір-бірінен ажыратылады және тұтастық ретінде бір-бірімен әрекетте болады.
Жүйе тұрақтылықтың, беріктіктің белгілі бір қорына ие болуы керек. Бұл қор жүйенің қызметінің, реакциясының, бейімделу деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Саяси жүйе деп елдiң саяси өмiрiне қатысушы мемлекеттiк, партиялық және қоғамдық ұйымдар жиынтығын түсiнемiз. Бұл жүйе қоғамның барлық элементтерiнiң интеграциялауын, оның бiртұтас саяси билiк арқылы орталықтан басқарылуын қамтамасыз етедi. Уақыты мен орнына қарай саяси жүйе әртүрлi мазмұнда болады, өйткенi жүйенiң басты компонеттерi саяси режімнiң (авторитарлық, демократиялық, диктатуралық), саяси жүйенiң типтерi (президенттiк, парламенттiк), билiк қатынастары (партия, үкiмет) және қоғамдық саяси репрезентация (плюрализм, корпоратизм) сияқты формаларына түрленедi. Кез-келген жүйе төмендегiдей сипатта болады: бөлшектерден тұрады, бөлшектер бiртұтас бүтiндi құрайды, жүйелердiң шекарасы болады.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесi деп билiк жүргiзiп, қоғамда тұрақтылық пен тәртiптi қамтамасыз ететiн әлеуметтiк топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығын айтамыз.
Саяси жүйенiң құрылымы мен қызметтері, түрлері. Саяси жүйе құрылымына мыналар енеді: 1. саяси институттар; 2. саяси қатынастар; 3. саяси ережелер; 4. саяси мәдениет.
Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсiподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер т.б. ұйымдары мен бiрлестiктерi жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет