Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Консерватизм және неоконсерватизм



бет76/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

2. Консерватизм және неоконсерватизм. Консервативтiк идеология /консервативус- қорғаушы/ ұлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-мәдени құндылықтарын сақтағысы келдi. Консерватизмнiң негiзгi өкiлдерi: Э.Берк, Ж.Местр, Ф.Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғұрып, дәстүрлер қоғам өмiрiнде шешушi рөл атқарады, сондықтан оны қалпына келтiру керек деп санады. Консерватизмнiң идеялық-саяси негiздерi мыналар:
 адамзаттың ежелгi моралдық дәстүрлерiн сақтау, ата-бабалардың даналығына құрметпен қарау;
 мақсаты мен мазмұнына қарамастан ескi басқару тәртiбiн артық көру, оны қорғайтын сана жүйесiн қолдау;
 саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң белгiлi бiр бағдарлары мен қағидаларын қолдау;
 қоғамды рухани ақиқаттылық ретiнде тану. Қоғамның негiзгi сипаты тәжiрибе, дәстүр, мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау.
ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында консервативтiк идеологияға өзгерiстер енгiзiлдi. Ол еркiн нарықтық қатынастар, алуан түрлiлiк, саяси демократия принциптерi едi. Сондықтан ХХ ғасырдың 70 жылдарында Батыс Европада жаңарған консерватизм бағыты пайда болды. Ол жеке адамның бостандығын, құқықтарын жоғары қойды. Мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк қызметтерi едәуiр шектелдi. Мемлекет меншiгi шектелдi, жекешелендiру негiз алды, бұрынғы билiктегi аристократия артықшылығынан бас тартты. Жаңарған консерватизм өкiлдерi: Р.Рейган, Д.Буш, М.Тэтчер т.б. Олар жаңа экономикалық құрылымды, әлеуметтiк-адамгершiлiк құндылықтарды либералдық және социалистiк негiзде жаңартты. ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтiк партиялар Англия, АҚШ, ГДФ-да жеңiске жетiп, билiк басына келдi.
Қазақстанға жаңа идеологияның қажеттілігі туралы. Соңғы жылдары біздің қоғамымызда идеологияғы деген тым жағымсыз қатынас қалыптасты. Жетпіс жыл идеология қысымы астында өмір сүрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті оның атының өзі оларға ұнамсыз болды. Бірақ, қоғам идеологиясыз өмір сүре алмайды. Идеологиялық вакуум болмайды деген ескі ақиқаттылық дұрыс болып шықты. Біздің қоғамдық санамызда бос орын пайда болған кезде оны либералистік, ұлттық, діни т.б. идеялар толтыра бастады.
Соңында адамдар тіпті ешбір рухани бағдарсыз, құндылықсыз, идеалсыз қалды, руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам үшін үлкен қайғы болып табылады. Қоғам рухани бағдарсыз адамдардан тұрса, ол дағдарыстық жағдайға ұшырайды. Онда адамгершілік төмендейді, қылмыс көбейеді, қалыптастырушылық қызмет мотивациясы, адамдар келісімі төмендейді. Бұның кейбір көрінісі қазір бізде байқалды.
Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық арта қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ ғалымдар ойынша бұл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол көрінбейтін адамгершілік саласында, кеңірек алсақ санады. Бұл дағдарыстан шығу үшін ортақ идеяны ойлап табу керек, оның төңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бұл идеялар, көзқарастар, құндылықтар идеология болып табылады.
Сонымен, тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру қажет. Мұнда мынадай сұрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жүргізіп отырған саясатпен тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық комплексті құрайды. Өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмұнын экономиканы көтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ұлттық мәдениетті қайта жаңғырту, әлемдік өркениетке ену құрайды. Саяси тілмен айтқанда, бұл Қазақстанда әлеуметтік саясат модернизациясын жүргізу деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге, тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп өту мүмкін емес. Ол үшін ұзақ өтпелі кезең керек. Сондықтан қазір елімізге өтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мұнда президент билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі рөлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мұнда сөзсіз қажеттілік болып табылады.


Лекция-13. Саяси даму және модернизация



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет