Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет75/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Сонымен, идеология дегенiмiз адамдардың үлкен әлеуметтiк топтарының iс-әрекетiне бағдар берiп, олардың мақсат-мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесi.
Саяси идеологияның негiзгi түрлері:
1. Либерализм мен неолиберализм. Классикалық либерализм идеясы буржуазиялық революция дәуiрiнде пайда болады. Либерализм /liberalis- ерiктi/ идеологиялық ағым ретiнде ХVll-ХVlll ғ.ғ. ағылшын-американ және т.б. батыстық ағартушылардың саяси философиялары негiзiнде қалыптасты. Оның негiзгi өкiлдерi: Дж.Локк, Ш.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль. Бұл идеология феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар пайда болуымен бiрге қалыптасты. Бұл кезеңде буржуазияға саяси билiктi өз қолына алуы үшiн либералды саяси доктриналар керек болды. Либерализм мына қағидаларға сүйенедi:
 барлық адамдар табиғатынан дене және ақыл-ой қабiлетi жағынан тең. Қабiлеттер теңдiгi олардың өз мақсаттарына жетудегi теңдiгiн ұсынады;
 адамның жеке бостандығы, оның табиғи құқығы және жеке меншiкке құрмет, оның өмiрiнiң негiзiн құрайды. Табиғи бостандық пен теңдiктi тану- адамның алғашқы бастама жағдайын тану /Дж.Локк/.
барлық адамдар тең ғана емес, сонымен бiрге дербес те болып жаратылған. Сондықтан да ол өзiн-өзi басқару құқығына ие. Басқару формасының ең тиiмдiсi- азаматтарының еркi кең болғаны.
Сонымен, либерализм қағидалары: адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы. Либерализмнiң мұраты /идеалы/ саяси демократия қағидаларының қалыптасуы мен жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету.
Либерализмнiң экономика саласындағы негiзгi қағидалары: адамның жеке меншiкке құқығы, нарықтың, бәсекелестiктiң, кәсiпкерлiктiң еркiндiгi, экономикалық iс-әрекеттiң мемлекетке тәуелсiздiгi.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтiк дағдарыстар либерализм идеологиясының әлсiздiгiн көрсеттi. Сондықтан либерализмдi қайта қарап, жаңғыртқан жаңарған либерализм пайда болды. Оның негiзiн салушылар: Ф.Хайек, Дж.Кейнс, Дж.Гэлбрейт т.б. Жаңарған либерализм идеологиясы бойынша мемлекет экономика мен әлеуметтiк салада белсендiлiк танытуы қажет. Олар плюралистiк демократия идеясын ұсынды. Либерализм идеологиясы Жапония, Англия, Австрия, Канада т.б. елдерде кездеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет