Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: батыстағы полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер



бет45/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

2. Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: батыстағы полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер.
3. Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі.
Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демокртаияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар. Саяси режім ұғымы ұзақ уақыт айтыс-тартыс объектiсi болған. Француз саясаттанушылары М. Дюверже мен А. Ориу бұл ұғымды ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған. М. Дюверже саяси режімді кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада М. Дюверже саяси режімді билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырады. Американ саяси әдебиеттерiнде саяси режім мен саяси жүйенi бiрiктiру анық сезiледi. Ал, тағы бiр американ саясаттанушысы К. Бекстер саяси режімді басқару жүйесi деп есептейдi. В. Лакердiң саяси сөздiгiнде саяси режім басқару формасы мен партиялық жүйе деп сипатталған. Немiс заңгерi Е. Левенштейн режімді партиялар санымен, француз ғалымы К. Бюрдо үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен, Е. Хамауи мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынасымен байланыстырса, американ ғалымы Д. Истон режімді басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы, аргентиналық автор Н. Ботана билiк шоғырлану мен бөлiсудiң қызмет процесi деп бiледi. Ал, Р. Скратовтың саяси сөздiгiнде саяси режім француздың regime – басқару формасы деген сөзiнен шыққан деп жазылған. Батыс саясаттану ғылымында саяси режім ұғымы көбiнесе мемлекеттiк аппарат құрылымы мен қызметiн сипаттауға пайдаланылады.
Саясаттану оқулықтарында саяси режімнің классификациясы өлшемі ретінде мына кестедегі негіздер де ұсынылады.
Саяси режім ұғымының мәнi мен көлемiн анықтайтын өлшемдер мыналар:

  1. мемлекет басшысының саяси басқару жүйесiндегi рөлi, саяси қызметi, орны;

  2. өкiлдiлiк мекемелердiң қалыптасуының тәсiлi мен тәртiбi;

  3. заңшығарушы және атқарушы ұйымдар арасындағы, сонымен бiрге олардың орталық және жергiлiктi ұйымдары арасындағы қарым-қатынас;

  4. өкiлдiлiк ұйым палаталары арасындағы қарым-қатынас;

  5. мемлекеттегi жаншу және күштеу ұйымдарының жағдайы мен қызметi;

  6. үстемдiк етушi таптың мемлекеттiк емес ұйымдарының рөлi;

  7. саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстардың жағдайы, ықпалы, қызметi.

  8. азаматтардың құқығы мен бостандығының таратылуы.

М. Дюверженiң саяси режімдері:

    1. ағылшын;

    2. американдық;

    3. орыс;

    4. бiр және көппартиялық.

М. Дюверже саяси режімді партия жүйесiне, сипатына тәуелдi жiктейдi (жаппай, элитарлы), олардың жарғысына байланысты (ерiктi, қатал) және революциялық, консервативтi, диктаторлы саяси режімдерді атап өтеді.
А. Ориудiң саяси режімдері:

  1. президенттiк (АҚШ);

  2. парламенттiк (Италия);

  3. директория;

  4. классикалық тәртiп (Батыс);

  5. авторитарлы.

А.Ориу дамушы елдердiң саяси режімін былай жiктейдi:

  1. парламенттiк (плюралистiк партиялық жүйе, жария оппозицияның болуы);

  2. президенттiк (атқарушы билiк басым).

«Конституциялық құқық және саяси институттар» монографиясының авторлары жiктемесi:
өкiлдiлiк түрлерi – ультраөкiлдiлiк, тiкелей өкiлдiлiк, жартылай өкiлдiлiк, тiкелей өкiлдiлiк, жартылай тiлелей өкiлдiлiк;
дамушы елдердегi саяси режімінің түрлерi- президенттiк (әскери және азаматтық), парламенттiк (квазипарламенттiк, парламенттiк);
басқа жiктемесi – социалистiк, прокапиталистiк, бейтарат бағыт (белгiсiз тәртiп).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет