Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет47/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Авторитаризм түрлері. Авторитарлы саяси режім әлемде ең көп тараған режім болып табылады. Оның түрлерi де өте көп. Бұл монархия, деспоттық, диктаторлық режімдер, әскери хунталар, басқарудың популистiк формасы т.б. Авторитарлы басқару формасы өзiн тануға тек күштеу арқылы ғана емес, сонымен бiрге жаппай манипуляциялау, сонымен бiрге әр түрлi гуманды тәсiлдердi қолдану арқылы да жетедi. Бiрнеше ғасырдан берi олар легитимацияның дәстүрлi және харизматикалық тәсiлдерiне арқа сүйеуде. ХХ ғасырда легитимация мақсатында ұлттық идеология қолданып келдi.
Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген авторитарлы режімдерi өздерiнiң өмiр сүруi мен бағыттарын ұлт азаттығы мен қайта өрлеуi қажеттiлiгiмен ақтап отырды. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiнгi көптеген авторитарлы режімдер өтпелi сипатқа ие болды. Олар тоталитарлы немесе демократиялық режімдерге бағдар ұстанды. Мәселен, Ф. Кастроның 1959 жылы орнаған авторитарлы режімі коммунистiк бағдарды ұстанды, сөйтiп тоталитаризмге өттi. Ал, кейбiр мемлекеттерде Чили, Таиланд, Аргентина, Оңтүстiк Кореяда ол демократияға өттi.
Авторитарлы режімнің ең танымал классификациясын неміс саясаттанушсы Дирк Берг-Шлоссер ұсынды. Ол авторитаризмді мына түрлерге бөлді:
1 Дәстүрлі абсолюттік монархия (мысалы, Эфиопия 1947ж. дейін, Непал 2007ж. дейін, Марокко, Сауд Аравиясы, т.б. ).
2 Олигархиялық типтегі дәстүрлі авторитарлы режімдер. Латын Америкасы елдеріне тән (мысалы, Гватемала, Никарагуа 1979ж. дейін).
3 Жаңа олигархияның гегемондық авторитаризмі (мысалы, Камерун, Тунис, Филиппин Ф. Маркос тұсында 1972-1985жж.).
4 «Социалистік бағдар» елдері (мысалы, Алжир, Бирма, Гвинея, Мозамбик, Венесуэла, Танзания, т.б.).
5 Әскери режімдер (мысалы, Египеттегі Г.А. Насердің режімі, Аргентинадағы Х. Перонның режімі, Ирак, Перу және т.б. елдердегі режімдер).
Тоталитаризм ұғымы, белгілері мен түрлері. Тоталитаризм (латының  «totalis» – бүкіл, тұтас, жаппай деген сөзінен шыққан) – мемлекеттің қоғам өмірінің барлық саласын толық (тотальды) бақылауына негізделген саяси режім. Тоталитаризм ұғымы алғаш рет 1923 жылы Джованни Амендолдің Муссолини режіміне берген сыни сипаттамасында қолданылған. 1929 жылы «Таймс» газеті бұл терминді Кеңес Одағында қалыптасқан режімге қолданды. 1931 жылы Муссолини «Фашизм доктринасы» атты мақаласында тоталитаризмді азаматтарына күшті ықпал ететін мемлекеттік идеология және де адамдар өмірінің барлық аспектілерін мемлекет бақылайтын қоғам деп жазды. Италия (Муссолини) мен Германия (Гитлер) режімдеріне қолданылған тоталитаризм ұғымын, фашизм мен ұлтшылдықты жақтаушылар жағымды, ал қарсыластары жағымсыз сипаттаған болатын.
Тоталитаризм теориясы ХХ ғасырдың 40-50 жылдары қалыптасты. Тоталитаризмді теориялық тұрғыда алғаш зерттеген Ф. Хайектің «Құлдыққа барар жол» (1944ж.) және Х. Арендтің «Тотали­таризм көздері» (1951ж.), американ саясаттанушылары К. Фридрих пен З. Бжезинскийдің «Тоталитарлы диктатура және автократия» (1956ж.) атты еңбектері болды. Соңғы еңбекте КСРО-дағы сталиндік, Германиядағы ұлтшылдық, Италиядағы фашистік тоталитарлы режімдер эмпирикалық салыстыру әдісі арқылы зерттелді және тоталитаризмнің мына белгілері ұсынылды:

  1. бүкіл саяси жүйені жаппай бір идеология құрайды;

  2. мемлекеттік аппарат пен жасырын полиция біріккен және диктатор басқаратын бір партияның болуы;

  3. мемлекеттік аппарат рөлінің өте жоғары болуы, мемлекеттің қоғам өмірінің барлық саласына енуі;

  4. бұқаралық ақпарат құралдарында плюрализмнің жоқ болуы;

  5. ақпарат түсетін каналдарда, сонымен бірге орта және жоғары оқу орны бағдарламаларында қатал идеологиялық цензураның болуы. Тәуелсіз ақпаратты жариялағаны үшін жазалау;

  6. мемлекеттік үгіт-насихаттың жоғары рөлі, тұрғындардың жаппай санасын манипуляциялау;

  7. дәстүрді, дәстүрлі моралды жоққа шығару («жаңа қоғам» орнату);

  8. күштеу құрылымдары тарапынан жаппай репрессия мен террордың болуы;.

  9. жеке азаматтық құқық пен бостандықты жою;

  10. экономиканы орталықтан жоспарлау;

  11. билеуші партияның әскери күштерді толық бақылауы;

  12. экспансиялық әрекетті қолдау;

  13. құқыққорғау саласын әкімшілік бақылау;

  14. азаматтық қоғамды толық жою.

Тоталитаризм – көсемнің билігіне бас ұрып, ресми бір идеологияға бағынатын, қоғам мен жеке адамға билік тарапынан толық және қатаң бақылау орнатылған мемлекеттік құрылыс.
Тоталитарлық режім жағдайында мемлекеттің бүкіл билігі көсем бастаған (диктатор) ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия принциптері сақталмайды, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру, бұйыру тәсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде әрі адамның жеке тіршілігі, отбасы мемлекеттің толық бақылауында болады.
Тоталитарлық жүйе орнаған мем­ле­­кет­­тер­дің әрбірінде өзіндік ерекшеліктер болады. Сая­сат­тану ғылымы тоталитарлық жү­йені үш топқа бөліп қарайды:
Біріншісі, ком­­му­нис­­тік тоталитаризм. Бұл режім­де адамдар жеке-меншікке ие бола ал­май­­ды, нәтижесінде, жекелікке (индивидуализм) шек­­теу қойылып, ұжымдық сананың да­муы­на ке­ңінен жол ашылады.
Екінші түрі – фашизм. Мұн­дай жү­йе бір кезде Италияда орнады. Ерекшелігі – халықты де­­мо­кра­тияға қарсы болуға, жа­уын­гер­лік рух­қа, нәсілшілдікке, шо­ви­низм­ге тәр­бие­лей­ді.
Үшінші топқа ұлт­шыл-со­циа­лизмді жатқызады. Бұл идео­логияны III Рейх, яғни Гитлер сал­ған бо­ла­тын. Оның бойында фа­шизм­нің де ком­му­нис­тік тоталитаризмнің да ұс­та­ным­дары бар. Ерекшелігі – әлем­дегі барлық ха­лық­тардың арасынан бір нәсілдің өкіл­дерін ғана жоғары санап, мемлекетті тек сол ұлттың өкілдерімен ғана құрауға ұмтылуында. Мұндай саясат Германиядан басқа елдерде үкі­мет ұстанымы деңге­йі­не көтеріле алма­ға­ны­мен, белгілі бір пар­тия, топ өкіл­де­рі­н­ің ұраны ретінде жиі көрініс беріп оты­р­ды. Атап айтқанда, вен­гр­лердің «Айқыш жебе» партиясы, ру­мын­дардың «Темір гвардия» партиясы ара­сында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет