Саяси режимнің түрлері. Авторитаризм: түрлерінің жіктелуі. Авторитаризм – (латынның «auctoritas» – билік деген сөзінен шыққан), демократиялық емес саяси режімнің бірі. Күшті жеке билікпен (диктатурамен) сипатталынады, яғни биліктің азғана адамдар тобының қолына жиналуы, (Современная энциклопедия).
Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы.
Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режімнің орнату факторы болады.
Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орнала-сады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.
Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкасындағы авторитарлық режімдер өздерінің өмір сүруін ұлттық бостандықпен және азаттықпен ақтайды.
Авторитаризмге тән сипаттар: билiктiң бір саяси көсем немесе белгiлi бiр топ қолына шоғырлануы;
бiртұтас идеологияның мiндеттi болмауы;
саяси билiктiң негiзгi аргументi күштеу емес, бедел болып табылады;
демократияның кейбiр элементтерiнiң (сайлау, парламенттiк күрес) болуы;
мемлекет тиым салмаған нәрсенiң бәрi азаматтар үшiн рұқсат;
репрессиялық аппараттың болмауы;
мемлекеттiң қоғам өмiрiнiң барлық саласын бақылаудан бас тартуы;
көппартиялықтың сақталуы;
билiк құрылымдары сайлау нәтижесi бойынша құрылады, бiрақ әдiлетсiз сайлау;
БАҚ-ның әр түрлiлiгiнің сақталуы;
Идеологияның әр түрлiлiгi формалды болса да сақталған.
Авторитарлы режімнің ерекшеліктері: