Лекция Шешендік сөздер



бет4/4
Дата29.09.2022
өлшемі41,05 Kb.
#40830
түріЛекция
1   2   3   4
Шешендік жұмбақ- жастардың өзара әзіл үстіндке сынасу, сырласу әдістерінің бірі болған. Жиренше шешен бозбала кезінде жылқы суарып тұрған Қарашаштың жеңгесіне жұмбақ әзілме тиіседі.
...Керілгенің қалай?
Кекеңдегенің қалай?!
...Керілгенім –жолым,
Кекеңдегенім – құлыным.
Шешендік жауап
Әз Жәнібек хан халыққа:
-Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады дейді, ол не?- деп сұрақ қояды.
-Үш арсыз ұйқы, арсыз күлкі, арсыз тамақ; Арсыз үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,-дейді жұрт. Бірақ үш жетімді ешкім шеше алмайды. Сонда Қарабас шешен жетім үшеу емес, бесеу:
Елі жоқ жер жетім,
Жерінен ауған ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусысыз сөз жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім,- деп жауап береді.
Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп бсеке бөлінеді. Шешендік даулар екі кісі арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау-талаптан бастап екі ел арасындағы дипломатиялық мәмлегерлік сөздерге дейін қамтиды.
Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысына жағынан мақал мен мәтелге, аңыз әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз; толғау, тақпақ түріндегілері – термелі сөз деп аталады. Термелі сөзге де, пернелі сөзге де ортақ бірнеше ерекшеліктер бар. Олар: көлемі шағын болады, сөйлемі ықшам келеді, тыңдаушысына әсерлі келеді. Халық көп сөз қола, аз сөз алтын деп көп сөзді жақтырмайды. Одан гөрі тауып айтылған бір ауыз сөз дәмді –мәнді сөзді артық санайды. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз- тұрақты, түсінік сөз – ауыспалы мағынада келеді.
Шешендік сөз жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешешен), шешен-билердің (Төле, Қазбек, Әйтеке) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздің көпшілігі әуелі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардлың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған.
Тапсырма: Абайдың шешендік сөздері.
Глоссарий: Риторика- грек сөзі, шешен, ділмар деген мағынаны білдіреді.Риторика- шебер сөйлеуді, сөзбен сендіруді, сөзді құра білуді зерттейтін ғылым.
Бақылау сұрақтары:
1.Шешендік сөздердің зерттелуі.
2.Шешендік өнердің әдіс – тәсілдері.
3.Қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері.Мысал келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет