Лекция Шешендік сөздер



бет3/4
Дата29.09.2022
өлшемі41,05 Kb.
#40830
түріЛекция
1   2   3   4
Шешендік толғау- халықтың табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттар көрген- білгендерін қорытып келесі ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиет-насихатын бандайды. Ертектрдегі сұлудың сұлулығын көп сөзбен айтпай «ай десе, аузы, күн десе, көзі бар» деп тұжырып айтып-ақ асқан сұлулығын аңғарған. Ердік мақсатына жету үшін не қиын азаптарға төзімдігін көрсетейін дегенде «темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болғанда» деу ; өте қиын, кедергілі алыс сапарды білдіргенде «тозбас тон, азбас ат керек» деп екі ауыз сөзбен ұқтырады. Шешендік толғау: шешендік нақыл, шешендік мақал, шешендік мысал, шешендік жұмбақ, шешендік жауап болып бөлінеді.
Шешендік нақыл- халықтың ұрпағына қалдырған өсиет-өнегесі. Мысалы:
Жар басына қонбаңыз
Дауыл соқса, үй кетер,
Жатқа тізгін бермеңіз.
Жалалы болса бас кетер,- деп халық қауіпті жерге қоныс салма, еңбегің далаға кетеді деп ескертеді. Мұндай нақылдар жастарды сақтыққа және әр нәрсенің ақырына байыппен қарауға баулиды.
Биі көп елді дау аралайды,
Дауы көп елді жау аралайды,-
Деп елді ынтымақты болуға шақырады.
Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді,
Азаматьпен дос бол- қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол – ақыл-кеңес береді.
Шешендік мақал – халықтың дүниеге көзқарасын, жас қауымға айтар ақыл-аманатын көрсететін насихат сөздің түрі. Шешендік нақыл нақтылы бір мәселе төңірегінде тікелей кеңес беретін болса, шешендік мақал жалпылап, жанамалап ақыл айтады. Өмір шындығы осындай, қаласаң ал, қаламасаң өзің біл дегендей ишарат жасайды, құлақ қағыс қылады. Мысалы:
Қанша жауын болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас.
Қаншы жақсы болса да,
Жалғыз адам би болмас.
Шешендік мысал- біреудің басынан өткен уақиғаны хабарлаған болып, әркімнің басына келетін ортақ жайларды ескерту немесе жан-жануар тіршілігін, жаратылысын мысалыға алып, тыңдаушысына жанама ғибрат беру.
Ата-ананың қадірін
Балалы болып байқадым,
Ағайынның қадірін
Қаралы болып байқадым.
Жан ашырдың қадірін
Жалалы болып байқадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет