Лекция сұрақтары : Экспортқа рента салығының талаптары және экономикалық мазмұны



Дата12.05.2022
өлшемі17,32 Kb.
#34105
түріЛекция
Байланысты:
дәріс 13


13 Тақырып. Экспортқа рента салығы және Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Лекция мақсаты: Экспортқа рента салығын төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың жалпы мазмұнына салық жүйесіндегі роліне толық түсінік беру

Лекция сұрақтары:

1.Экспортқа рента салығының талаптары және экономикалық мазмұны.

2. ҚР жер қойнауын пайдаланушылар төлемдері және салықтарына жалпы сипаттама.

3.Пайдалы қазбаларға салынатын салықтардың экономикалық мазмұны.

4.Үстеме пайда салығының ролі және экономикалық мазмұны.
Лекция мазмұны:

     Келісімшарттың шеңберінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.

       Салық салу объектiсi

      Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.

      Есептеу тәртібі

Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

       Экспортқа рента салығының ставкалары



      Шикі мұнайдың, газ конденсатының экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

N

Әлемдік баға

Ставка, %

1.

бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

2.

бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

3.

бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

4.

бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

7

5.

бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

11

6.

бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

14

7.

бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

16

8.

бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

17

9.

бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

19

10.

бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

21

11.

бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

22

12.

бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

23

13.

бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

25

14.

бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

26

15.

бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

27

16.

бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

29

17.

бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

30

18.

бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

32

19.

бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары

32

      Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 проценттік ставка бойынша есептеледі.

       Салық кезеңі

      Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi болып табылады.   Төлеу мерзімдері:   Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

       Салық декларациясы:      Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етіледі.

Салықтары мен арнаулы төлемдері. ҚР-ның салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар,оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем,орманды пайдаланғаны үшін төлем және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады,ө йткені олардың пайда болуы мен мөлшермелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты , минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген салық режімі тек қана ҚР–ның Үкіметі белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келсімшартта айқындалады. Келісімшарттардың негізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген:

Бірінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының Салық Кодексінде көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;

Екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша ҚР-ның үлесін төлеуін, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай мен басқа пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық,жер салығы, мүлікке салынатын салық қосылмайды.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды қамтиды:

1.Үстеме пайдаға салынатын салық;

2.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері:

- қол қойылатын;

- коммерциялық табу;

- роялти


3.Өнімді бөлу бойынша ҚР-ның үлесі.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

2. Пайдалы қазбалар салығы

3.Үстеме пайдаға салыққа жалпыя сипаттама

4.Салық кезеңі

 5.Экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi

 6.Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңi.

       7.Салық декларациясы



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Налоги и налогообложения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. – Алматы, 1995 г.

2.Налогообложение доходов юридических лиц в Казахстане. С.Ержанова: Алматы, 1997 г.

3.Налоги и налогообложение в Казахстане. Оқу құралы. /Идрисова Э.К. Алматы: Фонд «Формирование налоговой культуры», 2009



4.Салық кодексі , 2011 ж.( өзгерістер мен өзгертулер енгізілуімен, 10 бөлім, 41 тарау,300-306 баптар)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет