Лекция тақырыбы: 5-блок. ТӘуелсіз қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы Лекцияның оқыту нәтижелері


Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру



бет3/11
Дата03.12.2023
өлшемі96,34 Kb.
#132865
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DMLPDHVAHVEQ25112023234001

3.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру .
Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады:
Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар:
Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді.
Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.
Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саясат демократиялық сипатта болғандықтан, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасқан болатын. Себебі елдегі билік етуші үкіметтің саясатын бақылап отыру үшін халық бірнеше оппозициялық саяси партияларды құруы тиіс.
Қазақстанның алға дамуын әрі қарай ілгерілету мақсатында 1997 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы стратегияның маңызды басымдықтарына шолу жасап кетер болсақ:
Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыта отырып, әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет,төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайта отырып, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асыру қажет.
Макроэкономиканы тұрақтандыра отырып, сауда мен өндіріске мемлекеттің жиі араласуын тежеу арқылы және тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету мақсатында өндірісті диверсификациялау көмегімен Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясын жүзеге асыру қажет.
Сонымен қатар әлеуметтік стратегияны, ресурстарды дұрыс пайдалану стратегиясын, көлік пен байланысты дамыту стратегиясын, басқару саласындағы стратегияны және де қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында алға біршама тапсырма қойылып отыр.
Еліміздің экономикасын өрге өрлету үшін экономиканы әртараптандыру, сауатты сауда саясатын жүргізу, экономикаға инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару – аталмыш жоспарда ел экономикасын дамытуға бағытталған алға қойылған мәселелер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет