Лекция тақырыбы: 5-блок. ТӘуелсіз қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы Лекцияның оқыту нәтижелері


Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі



бет2/11
Дата03.12.2023
өлшемі96,34 Kb.
#132865
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DMLPDHVAHVEQ25112023234001

2.Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі.
Тәуелсіздік алдында аса ауыр жағдайда Қазақстан Президенті «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Алтын және алмаз қоры құрылды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз етті.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
Н. Назарбаев1992 жылы 4 -маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы – суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары – Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі – әнұран, мемлекеттік Ту мен мемлекеттік Елтаңбаның поэтикалық-музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, сазгерлері қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуені – кеңестік кезеңде М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.
2006 жылдың 6-қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менің Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә. Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә. Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал, әні бұрынғы қалпында сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранның туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
1993 жылы қабылданған Қазақстанның Конституциясы уақытша еді. Негізгі Ата Заңда жер жеке меншікке берілмеді. Жергілікті Кеңестер жаңа нарықтық реформаларды тежеді. Жаңа үкімет Жоғары Кеңеске қатаң қарсы тұрды. Елге қажетті заңдарды қабылдау процесі баяулады, бұл нарықтық реформалардың қарқынын бәсеңдетті. ҚР Президенті Н.Назарбаев Конституцияға баға бере отырып былай деген: «1993 жылғы үлгідегі Конституция мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды одан әрі дамыту жолындағы құқықтық тосқауыл болды». Осы жағдайда жергілікті Кеңестердің және Жоғары Кеңестің өзін-өзі тарату процесі басталды. Президент мемлекет басшысы ретінде заңнамалық тұрғыда жеке өзі шешімдер қабылдау құқығын алды.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Президент басқаратын біртұтас мемлекет ретінде бекітілді. Парламент екі палатадан құрылды: Мәжіліс және Сенат. Жаңа Конституцияның еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және әлеуметтік-саяси реформаларды жүргізу үшін тарихи маңызы зор болды.
Қазақстан нарықтық экономика жолымен дамуға бет алған тәуелсіз ел ретінде белгіленді. Экономиканы мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Шетелдік инвестицияларды тарту, кіші және орта бизнес дамыту тетіктерінің құқықтық негіздері бекітілді. Банк және қаржы жүйесі реформалары жүзеге асырылды. Аграрлық салада колхоздар мен совхоздарды фермерлік ұжымшарларға айналдыруда мүлікке мемлекеттік монополиясы жойылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет