Лекция тақырыбы: 5-блок. ТӘуелсіз қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы Лекцияның оқыту нәтижелері


ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту



бет7/11
Дата03.12.2023
өлшемі96,34 Kb.
#132865
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DMLPDHVAHVEQ25112023234001

4.ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
Шекараны делимитациялау процесі аяқ­талғанға дейін де Қазақстан мемлекеттік ше­караны халықаралық-құқықтық рәсім­деу­дің соңғы кезеңі – демаркациялау, яғни жер бетінде арнайы шекара белгілерімен ай­қындауды тезірек бастауға талаптанды. 2003 жыл­ғы 16 қазанда Үкімет қаулысымен шек­тес елдермен мемлекеттік шекараны демар­ка­циялау жөніндегі үкіметтік делегация құрылды. Үкімет шешімімен шекара белгі­лері­нің үлгілері бекітілді. Бұдан бөлек, «Қаз­геокарт» мемлекеттік қазынашылық кә­сіп­орны демаркациялық жұмыстардың орын­дау­шысы болып тағайындалды. Әрбір шектес мем­лекетпен демаркациялық жұмыстардың бү­кіл процесін реттейтін құқықтық құжаттар әзір­ленді.
Көпшілік демаркацияны таза техникалық си­паттағы іс деп түсінеді. Шындығында олай емес. Демаркация кезінде алуан түрлі сұрақ­тар туындайды. Шекара маңындағы ха­лық­тың шаруашылық мүдделерін ескеру қажет­тілігі үнемі жұмыс тобының алдынан шығып отыр­­ды. Тараптардың шекара қызметтерінің жұ­­м­­ысына қолайлы жағдай жасау қажеттілігі де назарға алынды. Сондай-ақ шекара сы­зығын нақты және анық белгілеу үшін жер­гілікті жер бедерінің ерекшеліктерін ескеру қа­жет болды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы де­мар­кациялық жұмыстар басқа шектес елдермен ше­караны делимитациялаумен қатар жүр­гізілді және 2002 жылғы 10 мамырда оны де­маркациялау туралы хаттамаға қол қою­мен аяқталды.
Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік ше­караны демаркациялау бойынша дала жұ­мыстары 2004 жылы басталды. Қазір бұл шаруа іс жүзінде аяқталды, қорытынды құ­жат­тарды қол қоюға дайындау жүріп жатыр.
Түркіменстанмен және Қырғыз Рес­публикасымен мемлекеттік шекара толы­ғы­мен шегенделген. Демаркациялау туралы шарт­тарға тиісінше 2017 жылғы 18 сәуірде жә­не 2017 жылғы 25 желтоқсанда қол қойыл­ды, құжаттар ратификацияланған және кү­шіне енді.
Қазақстан-Ресей шекарасына келетін бол­сақ, бедердің бірегей ұзындығы мен күр­де­лілігіне байланысты оның демаркациясы көп еңбекті қажет етеді. Қазір 6 700 шақы­рым­нан астам, яғни шекараның жалпы ұзын­ды­ғының 90 пайызы демаркацияланған. Ше­караның қалған бөлігі табиғи-геогра­фиялық жағдайлары бойынша күрделі учас­келер, онда орман басқан таулы аймақ басым. Осы­ны ескере отырып, демаркацияның то­лық аяқталуы біраз уақытты алатынын бол­жауға болады.
Қазақстан бүгінде посткеңестік кеңіст­ік­те­гі өзінің мемлекеттік шекарасын бүкіл пе­р­и­метрі бойынша заңды ресімдеуді толық аяқ­таған алғашқы және әзірге жалғыз мем­ле­кет екенін атап өткен жөн. Халқымыз өзі­нің сан ғасырлық тарихында тұңғыш рет бар­лық халықаралық қоғамдастық мойын­да­ған, тиісті түрде анықталған, сипатталған жә­не қазіргі заманғы құқықтық стандарттар бойынша бекітілген мемлекеттік шекараларға қол жеткізіп отыр. БҰҰ-да тіркелгеннен кейін Қа­зақстанның шектес мемлекеттермен ше­кара туралы шарттары осы ұйымның беде­лі­мен нығайтылған легитимділік пен мыз­ғы­мас­тықтың қосымша кепілдігіне ие болады. Шекара туралы шарттар мәңгілік, қай­тымсыз сипатқа ие және біржақты тәртіпте өзгер­тілмейді немесе күшін жоймайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет