Лекция тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Критериалды бағалаудың артықшылықтары



бет7/27
Дата13.03.2022
өлшемі322,25 Kb.
#27770
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

-Білім берудің сапасы артады;

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау

Қалыптастырушы (формативті немесе ағымдағы) бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар.Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.

Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Негізгі әдебиеттер: 2,5; 11

Қосымша әдебиеттер: 10, 12,15.


3 лекция тақырыбы: Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері

Қазіргі таңда педагогиканың әр түрлі бағыттары белсенді дамуда. Атап айтқанда: ізгілікті, әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, іс-тәжірибелік, әлем педагогикасы, ұжымдық шығармашылық тәрбие және ынтымақтастық педагогикасы.

Ізгілікті педагогиканың пәні демократиялық қоғамда ӛмір сүруге және шығармашылыққа қабілетті еркін ізгілікті тұлғаны, адамды тәрбиелеу болып табылады.

Білім алушы тұлғасы жалпы адами құндылық ретінде қарастырылатын ізгілік педагогикасының теориясында «тұлғаға бағдарланған білім беру», «тұлғаға бағдарланған тәрбие», «тұлғаға бағдарланған оқыту», «жеке тұлғалық оқыту» ұғымдары қолданылады.

Жеке тұлғаға бағдарланған үздіксіз білім беру адамның білімге деген қажеттілігін үнемі қанағаттандыру, әртүрлі білім беру деңгейін тандап алып, меңгеруге мүмкіндік беретін және білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыру шарттарын қарастырады.

Жоғары мектептегі жеке тұлғаға бағдарланған білім беру студенттің дамуына және ӛзін-ӛзін дамытуға, оның жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет