Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата03.05.2023
өлшемі430,94 Kb.
#89463
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Л 15 ИББ

Ф-ӘД-001/046 
тақырыбы үшін реттеледі және оқушыларға танысу үшін ұсынылады. Оқу 
жетістіктеріне диагностика және қадағалау балалармен сабақтағы әдеттегідей 
жұмыс барысында, тақырыпты зерделеу аяқталған соң орындалады. Ол 
сабақта мұғалім оқу материалын қайталауды ұйымдастырады, содан кейін 
орындау амалдарына мектеп оқушыларының назарын аудара отырып, 
қадағалаушы- диагностикалық тапсырмаларды ұсынады (дербестік дәрежесі) 
және әр балаға көрсетілген көмек түрлерін ескереді. Тақырыпты зерделеп 
болған соң, зияткерлік кемтарлығы бар оқушылардың жетістіктері бірдей 
болмайды. 1-типологиялық топтағы оқушылар дағдыларды өз бетінше 
игеруін, білімдерін түрлі жағдайда қолдануын көрсетеді. 2-типологиялық 
топтағы оқушылар тақырыптың негізгі мазмұнынын ұғынғанын көрсетеді. 3-
типологиялық топтағы оқушылар тақырыптың тек жеке элементтерін 
түсінгенін көрсетіп, өз білімдерін өзектілендіруде мұғалімнің көмегін 
қажетсінеді. 4-типологиялық топтағы оқушылар, әдеттегідей, өзге, едәуір 
жеңіл оқу материалын оқиды, олардың жетістіктері мақсатты деңгейлік 
тұжырымдау негізінде соның шеңберінде анықталады. Оқушының кез-келген 
жетістіктері, қаншалықты елеусіз болса да, оң деп қарастырылады. Мектеп 
оқушысының әр тақырып бойынша жеке нәтижелері оқу жетістіктерінің 
арнайы карталарында тіркеледі. Оқушы өзінің нәтижесін жақсарта алады, 
себебі оқу бағдарламаларының көпшілігі шоғырланған құрылымына ие және 
оқылған материал үнемі қайталанып, дамытылады және бекітіледі. Бұл 
оқушының оқу материалын меңгеруіндегі ілгері басу динамикасын, оның 
табыстылығының жеке траекториясын көрсетуге мүмкіндік туғызады. 
Тұтас сыныптағы оқытудың нәтижелілігі туралы түсінік алу үшін, 
оқушылардың анықталған жетістіктерін тіркеудің меншікті нысанын әзірлеп 
немесе жетістіктердің жеке картасын түрлендіріп алса да болады. Тұтастай 
сынып оқушылары жетістіктері қорытындысын шығарып және көрсеткеннен 
кейін, тану деңгейі бойынша қандай және қанша оқушының жетістігі барын, 
оқу материалын қанша оқушы түсінгенін және қаншасы қарастырылып 
отырған тақырып аясындағы білімдерін қолдана алатыны туралы педагогтің 
түсінігі болады. Оқушылардың топқа бөле отырып, педагог саралау тәсілін 
жоспарлайды және оны жүзеге асыратын болады. 
Оқу тақырыбы аясында жеткен оқыту нәтижелерін есепке алу нысаны 
объективті, ыңғайлы және ақпаратты болғаны маңызды. Ол тек бағаның 
функциясын ғана орындап қоймай, мұғалімге әр оқушымен жүргізілетін 
жұмыстардың ең жуық келешегін анықтауға бағдар береді. Бақылау 
тапсырмаларын орындау нәтижелері бойынша жеке оқыту тәсілімен 
қамтамасыз етілуі тиіс оқушыға жеке білім беру маршрутын байқауға және 
құруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет