Лекция тақырыбы: Денсаулық және медицина


Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады



бет2/5
Дата08.05.2023
өлшемі23,8 Kb.
#91063
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
NDTEDBHOSNSD08052023152427

Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады:


  • денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;

  • денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюы;

  • ел халқының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы мен жақсаруы, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі;

  • денсаулық сақтау объектілерінің қалпына келтірілуі және жаңаларының салынуы;

  • емдеу-диагностикалық үрдіске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;

  • ауылдық жерлердің медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердің болуы;

  • халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігінің жақсаруы.

Əлсіз жақтары:


  • денсаулық сақтау ұйымдарының, әсіресе ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;

  • мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігінің жоқтығы;

  • өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасындағы үлкен айырмашылық;

  • кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология, басқа да бірқатар мамандықтар бойынша кадрлар тапшылығы;

  • денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлармен нашар қамтамасыз етілуі;

  • ауылдық жерлердегі шалғай орналасқан елді мекендердегі, әсіресе халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының медициналық қызметтерге қолжетімділігінің төмендігі;

  • денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың болмауы. Халықтың денсаулығын жақсарту мемлекеттік және индивидуалдық деңгейде шешілуді талап ететін маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты салауатты өмір салтын бұқараландыруға, денсаулық саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылату және қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, осы қызметтерді тұтынушылар оны алуға мүдделі болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет