Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді:
тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің қол жеткен деңгейін қолдау, сақтау, экономикалық, құқықтық ұйымдастырушылық іс-шараларын жандандыру және денсаулық сақтау жүйесін нарықтық жағдайға бейімдеу;
медициналық қызметтің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын жасау;
медициналық мекеменің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;
халық денсаулығын сақтау мен дамытуға азаматтар мен жұмыс берушілердің, мемлекеттің жауапкершілігі.
Бұл бағдарламаның жүзеге асуы денсаулық сақтау саласында ғана емес, сонымен бірге соған қатысты сумен қамту, өндірілетін, тасымалданатын азық-түлік тауарларына бақылау, қоршаған орта сияқты салаларда да шешілмеген мәселелер көп болды. Осының негізінде «Иммунизация», «Ана денсаулығының сақшысы»,
«ВИЧ-тің таралуын тоқтату», «емдеу-сауықтыру және тууға көмектесу ұйымдарында асептиктер мен антисептиктерді сақтау», «қоршаған орта және ұлт денсаулығы», «отбасын жоспарлау», «бала азығы» және т.б. Бұл мәселелерді шешу барысында іс-шаралар жүйесі жасалынды, бірақ соңында белгілі болғанындай бұл бағдарламалардың ешқайсысы ақырына дейін жеткізілмеді. Сонда да елде бағдарламаның осынша ұзақ уақыт жүргізілгені назардан тыс қалмады.
Осы бағдарламалар аясында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелері ашылып, мектептердің төменгі сыныптарында тегін тамақ беру, мектептерде психолог қызметі, арнаулы клиникалар, жеке меншік жоғары медициналық оқу орындарында, клиникаларға лицензиялар берілді. Осы кезеңді кеңестік жүйеден қазіргі денсаулық сақтау жүйесіне өту кезеңі деп бағалауға болады.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі келесі қайта құруларды енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізді. Ол 2005-2010 жж. арналған ҚРдағы денсаулық сақтауды дамыту мен қайта құрудың мемлекеттік бағдарламасы деп аталды. Ол бағдарламалы түрде қаржыландыруға бағытталды.
Осы бағдарлама аясында тегін медициналық қызмет түрлері анықталды және ол бүгінге дейін сақталып отыр. Сараптау нәтижесінде белгілі болғандай, денсаулық сақтау жүйесін түпкілікті өзгерте алмады. Соған қарамастан бұл бағдарлама ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бетбұрысты кезең болған. Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа моделі пайда болды.
Ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрігерлік-демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету сияқты классикалық
тапсырмалар мен бірге медициналық білімді қайта құру мен ұйымдастыру сияқты халықаралық қағидаларға негізделген мәселелер де қарала бастады.
Медициналық қызмет сапасын және халықаралық талаптарға сай қазіргі заманғы ақпараттық технология негізінде жұмыстың тиімділігін бақылау жүйесін енгізу туралы мәселе тұңғыш рет көтерілді.
Осы бағдарлама денсаулық сақтау жүйесіне медициналық мекемелерде тіркелген әрбір ауру адамды қаржыландыру сияқты жаңа механизмді енгізді: жан басына шаққандағы норматив қажетті медициналық көмектің көлеміне, өңірдің ерекшелігіне қарай анықталды. Яғни емханаларда тіркелген тұрғындар саны көп болса, онда мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де соншалықтықомақтыболмақжәнебұлқаржылар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалуы тиіс болды.
Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен бірге медициналық қызмет сапасын, айыппұл санкциясы жүйесін бақылау, медициналық көмектің әртүрлі параметрлерін бағалау анықталды.
Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесіндегі қол жеткен табыс деп сапа бағалау институты мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін бағдарламаланған сапа элементтерін, сапаны бағалау критерийлерінің халықаралық тәжірибесін ескерген арнайы әдістемелік негізде дайындалды.
2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесін қосты. ҚР Президенті, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»Кемелденгенмемлекеттіңжаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды», – деді.
Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған. Сонымен қатар олардың қатарына арнайы салынып жатқан мамандандырылған медициналық мекемелерді, жасанды ұрықтандыру бағдарламасына жыл сайынға бөлінетін квоталарды, қоғамға қауіпті арурулармен күресуді жатқызуға болады.
Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді. Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер
де бар.
Олар: