Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні


Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық, этнопсихолгиялық ойлары



бет13/16
Дата07.01.2022
өлшемі78,82 Kb.
#17393
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Лекция та ырыбы Халы ты педагогикада ы кемел адам лгісі Жоспа

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық, этнопсихолгиялық ойлары
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ( 1397-1487) “Шипагерлік баян” атты ғылымнамалық ұлы еңбек жазып, ХҮ ғасырдың өзінде қазақтың жазу мәдениеті мен әдеби тілінің әр-түрлі ғылымдарының болғандығын кейінгі ұрпаққа айқын көрсетіп қалдырды. “Біздің ғылымымыздың “Шипагерлік баяны” әрі ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама, тек шипагерлік жағынан емес, ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, география, этика, мораль, тағы басқа жақтарынан да қыруар білім, мәліметтерді береді… Басқа ғылыми мәліметтер осы шипагерлік баян негізінде, кейбірі мысал, кейбірі факт, кейбірі жаратылыстық орта, тарих, аңыз, салт-сана ретінде медициналық ғылыми сипаттамалармен тығыз байланысып келеді” (Әзімхан Тышанұлы, ғалым).

Қолжазбаның 1757- бетінде ғалым Әз Жәнібек ханға: “Аллажар хан тақсыр, Сіздің қасиетті ғұзырыңызда жазылып жатқан “Шипагерлік баянын” мархабатлы көзіңізбен көріп, құлағыңызбен естіп болғасын, арнаулы ордаңызда ұғындырғы (мектеп) ашып, ордаңыздағы гүлтекше үстіне өсіп тұрған гүлдегіндегі гүлдей жеткіншектерді өнерге баулытып жеткізсеңіз, қарашаңыз менің ең зор арманым орындалған болар еді” – деп мәдениет пен білімнің бастауы мектепте екенін айтады.

Шипагер ғалым, ұлтының ұлағатты перзенті Өтейбойдақ: “Не тәтті? Жан тәтті. Не мерей? Бала мерей. Не ләззат? Құдай коскан қосақ ләззат”–деп тәлім-тәрбие негіздерін айқын көрсетеді. Оның үстіне ұлы еңбегінде “тоқығаны” көп ғалым этнопедагогиканың негізгі бір саласы ауыз әдебиетін кеңінен пайдаланады.

Әрі ақын, әрі өмірден “тоқығаны” мол тәжірибелі ғалым ұлы еңбегінде әрбір адамға қырық сегіз тыйым айтып, он екі өсиет береді: “Ел бастаушы көсеміңнен айрылма, дау туылар: шешеніңнен айрылма, жау тимек ақылыңнан айрылма, көппен бірге көрерсің еліңнен айрылма, жаныңды алса да сырңнан айрылма, жаман деп қатыныңнан, көшем деп алып алып қойған отыныңнан айрылма, даяр асың малыңнан айрылма, болмашыға өкпелеп, досыңнан айрылма, қарқудай баспанаң қосыңнан айрылма, пенде қадір санаты бес қаруды тастама: шыбын жаның шыққанша намысыңнан айрылма, өте шығар сұм жалған, бұзықшылыққа қайрылма. Адам күні адаммен ысылмақ, өнер қай қырда? өнерпаз деген ат алсаң, өлсеңдағы қайғырма”,-дейді.

Дарынды психолог психологиялық темпераментті қазақ тілінде “бейімдеулік” деп көрсетіп, жеке тұлғалардың темпераменттік ерекшеліктерін алты түрге бөліп көрсетеді.


  1. Ыстықтық бейімдеулік – алып бітімді, етжеңді, өң- әлпеті толық, шырайы шиқандай қызыл, сабырлы, кем сөзді, ұрт мінез, шорт қайырылғыш, сыр бермес сызданыңқы, маңғаздау, біртоға.

  2. Суықтық бейімдеуліктер– өң-әлпеті қараторы, қара, өң бермейтін, шырайы толықша, сөзшең, өзінікін жөн санайтын, білгірсіген, сөз таластырғыш, даукез, өркөкірек, алкеуде.

  3. Аңғақтық суықтық бейімдегілер–өң-әлпеті әр түрлі, әрқилы, көзі шатынаған, қарадай терісіне сыймай, қарадай шытынап сынып, ашуланшақ, басынан пенде сөзін асырғысы келмейтін, асыра білмейтін, болмашыға кек сақтаушы, өш алуға зейін мен бар зердесін аударушы, басқаларды тәлкек етуге бейім, өлтіруден тайынбайтын, өзі құныкер, ел құндыкер болатынын ойламайтын, құныкер болса да– әдетін қойғысы келмейтін құбылмалы, тия-нақсыз, қызба мінезді.

  4. Аңғақтық қоюлықтық бейімдегілер– босағадан аттап шыққысы келмейтін, үйкүшік, шілденің ыстығында қаңтардың қақылдаған аязын басына киіп, үстіне қоқырды жиып алғыш, титтей суық тисе, жалп ете түсуге бейім, жіпсісе жадырап қалғыш, қаны жүрмегендей қимыл-әрекеті аз, сергітпейтін, сергімейтін, мойындамайтын, суыққа шыдамсыз.

  5. Буылмалы бейімдер–әлпеті әр түрлі болсада, өзінің соңғы түр-келбеті сұрланған, көзінің оты қайтқан әдетте мінсіз бітісті пендеден айырмашылығы жоқ, ашуы келсе селкілдеп барып, серейіп түседі де, талып қалуы шарт.

  6. Уылмалы бейімдер–әлпеті ақ, шырайы шыршыз, аппақ қудай жүзі ақ бөздей ағарған, көз ажары (жанары) бозарған, кейбіреуінің өңі тотығынқы, ұп еткен желге ұшып кеткендей арық, беті жып-жылтыр, жүріп тұруға еріншек, есіктен сөйлейтіні төрге естілмейтін, титтей шөгір сызған орны қанаса, шыдамайтын, жеңілтек, мұрны қанағыш, басы ауырғыш.

Әрине, бұл бейімдеуліктерді шипагер жеке тұлғалардың денсаулығына байланысты топтап көрсетті. Ал адамның мінез-құлқы мен сезім-қабілеттері осы топтамалар арқылы айқындалады, сөйтіп тәрбие ісінде де осы бейімдеулер (темпераменттік ерекшеліктер) ескеріледі. Психолгия мен педагогиканың бір тұтастық қасиеттерінің бірі-осында. Ұлы шипагердің пікірлерінде ұлттық уыт айқын көрініп тұр.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл Фарабидің, Қас қажып (ғұлама ғалым) атанған Жүсіп Баласағұнидің еңбектерін зерттеп, жақсы білген Өтей бойдақтың “Шипагерлік баян” атты еңбегі біздің этностық ғылымымызда үлкен орын алумен қатар, этнопедагогикалық және этнопсихолгиялық ғылымымыздың қайнар бұлағын зерттеу арқылы этностық, ғылымдық сырлары ашыла беретін ғылымнамалық мұра болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет