Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет22/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Ұлпа және оның түрлері. Ұлпа (грекше hystos) дегеніміз белгілі қызметті атқаруға арналған құрылысы ұқсас, тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасушааралық заттардың комплексі.
Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен қызметін зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың алғашқы классификациясын ұсынған болатын. Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық көрген өзінің гистология оқулығында пайдаланған. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлген:
1. Эпителий немесе шекаралық ұлпа;
2. Қан, лимфа дәнекер ұлпасы мен шеміршек және сүйек дәнекер ұлпасы;
3. Бұлшықет ұлпасы;
4. Нерв ұлпасы.
Эпителий ұлпалары. Эпителийлік ұлпалар онтогенезде бірінші болып пайда болады. Эпителийлік ұлпа ұрықтық жапырақшалардың бәрінен де, яғни эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан дамиды. Шығу тегіне сәйкес эпителийді эктодермалық, энтодермалық және мезодермалық деп үш топқа бөледі.
Омыртқалылардың эктодермадан пайда болған эпителийі (тері, ауыз қуысы мен өңештің эпителийлері) көп қабатты болып келеді. Энтодермадан пайда болған эпителий (ішектің, бүйректің және ұйқы безінің эпителийлері) бір қабатты және полярлығы айқын байқалады. Энтодермалық эпителийдің негізгі қызметі сіңіру және секрет бөлу, сонымен бірге қорғаныш қызметін де атқарады.
Бір қабаттың өзінде орналасқан жасушалардың жіктелуі бірдей болмайды, индиференттік жасушалармен қатар жоғары дәрежеде жіктелген бездік жасушалар да орналасады. Мезодермалық эпителий құрылысы мен қызметі жағынан ажырайтын түрлі топтарға бөлінеді. Бұлай болу себебі, мезодерманың өзі филогенезде бірі-біріне тәуелсіз ұрықтардан пайда болады, сондықтан да мезодерманың түрлі учаскелерінен түзілген туындылары бірдей болмайды. Мезодермадан пайда болатын эпителийлерге жыныс бездері мен бүйрек эпителийлері және мезотелий жатады. Жаңадан пайда болған клеткалар камбиальды клеткалар деп аталады. Сонымен қатар ерекшеленетін және маманданатын клеткалар да бар, олар даму нәтижесінде бөлінуге қабілеттілігін жойып, арнаулы қызмет атқаруға бейімделеді. Ондай клеткаларды маманданған клеткалар деп атайды. Бұл клеткалар қызметін атқару үстінде қартайып, біртіндеп өліп отырады. Олардың орнын ерекшеленуі нашар, көбею қабілетін жоймаған клеткалар толықтырады. Маманданған клеткалардың тіршілігінің ұзақтығы әр түрлі. Мысалы, нерв ұлпасы клеткаларының көбі организммен қатар жасалады, бұған қарама-қарсы өте жоғары маманданған клетка, яғни адамның эритроциті, орта есеппен алғанда 130-ақ күн тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет