Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет38/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Талшықты шеміршек ұлпасы адамдар мен сүтқоректілердің омырқаларының бір-бірімен байланыс беттерінде, ортан жіліктің дөңгелек байланысында, бастың жақ буынында, одан да басқа сіңірлер мен сүйектердің байланысқан жерлерінде болады. Оның құрылысы да гиалин шеміршегінің құрылысына ұқсас, айырмашылығы ондағы коллаген талшықтары гиалин шеміршегіндегідей жіңішке талшықтардан емес, жуан коллаген талшықтарының топтарынан тұрады. Ол талшықтардың жуандығы сонша, олар жай микроскоппен де көрінеді.
Шеміршек ұлпалары шеміршек сынып, жарақаттана қалса, олардың сыртын қоршаған перихондрийдан, атап айтсақ перихондрийдағы қан тамырларының перициттерінен қайта пайда болады. Перихондрий жоқ жерде шеміршек ұлпасы қайта қалпына келмейді.
Сүйек ұлпасы омыртқалылардың барлығында да болады. Ол организмде негізінен тірек қызметін атқарады. Сүйектің құрғақ затының 65-70%-і минералды тұздар. Сондықтан сүйек ұлпасы организмдегі минералды заттар алмасуында өте маңызды рөл атқарады. Сүйек ұлпасы да басқа дәнекер ұлпалары сияқты клеткалар мен клеткааралық заттардан тұрады. Сүйек клеткалары остеоциттер өте жалпақ, көптеген цитоплазма өсінділері бар клеткалар. Жас сүйек клеткаларының цитоплазма өсінділері өте ұзын, бір клетка өсінділері екінші клетка өсінділерімен жалғасып тұрады. Клеткалар өсе, жетіле келе өсінділер қысқарып, өсінділер орыны түтікше болып қалады.
Сүйек қуыстары мен түтікшелері арқылы ұлпа сұйығы айналымда болады. Остеоциттердің ядролары домалақ, эндоплазма торлары, гольджи аппараты орташа дамыған. Митохондриялары да майда болады. Клетка қуыстары мен түтікшелер жұқа пластинка қабықшамен қапталған. Ол пластинка капсула гликопротеидтерден және жіңішке коллаген фибриллалардан тұрады. Сүйек ұлпасы клетка аралық аморфты заттардағы коллаген талшықтарының орналасуына байланысты сояу талшықты сүйек ұлпасы және пластинкалы сүйек ұлпасы болып екіге бөлінеді.
Сояу талшықты сүйек ұлпасы эмбриондар мен жас организмдерде кездеседі. Мұндай сүйек ұлпасында коллаген талшықтары жуан-жуан топтарға бірігіп, аморфты заттар ішінде айқыш-ұйқыш орналасады. Осынысына байланысты сояу талшықты сүйек ұлпасының мықтылығы пластинкалы сүйек ұлпасымен салыстырғанда әлдеқайда осал болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет