Лекция тақырыбы: Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата22.12.2023
өлшемі177,5 Kb.
#142690
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
 
2.Сыртқы орта туралы түсінік 
Ашық жүйе принципінен келіп шығуды қалайтын басқарушы бірінші 
болып сыртқы ортаны анықтау проблемасына кез келеді. Басқарушы әр 
уақытта ұйымның табыстылығы тәуелді болатын факторларды ескеріп 
отыруы қажет. Мысалға, Джеральд Беллдің айтуы бойынша «Ұйымның 
сыртқы ортасы келесі элементтерді өз ішіне алады: тұтынушылар
бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар, жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары 
т.б.» Ұйымға әсер ететін барлық факторларды келесі 2 топқа бөлу мүмкін: 
тікелей әсер ететін факторлар және жанама әсер ететін факторлар
Тікелей әсер ететін орта
ұйымның операцияларына тікелей яғни
бірден әсер ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, 
оларға 
жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік 
реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады.
Жанама әсер ететін орта
ұйымның операцияларына бірден әсер ете 
алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. 
Оларға 
халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік 
мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады.
Мысалға, «Дженерал 
Моторс» фирмасына материалмен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар
бағаны реттейтін және жұмысқа алу тәртібін реттейтін заңдар, 
тұтынушылардың қалаулары, бәсекелестердің негізгі әрекеттері. 
Сыртқы орта мынадай мінездемеге ие: 

сыртқы орта факторларының өзара байланысы; 

сыртқы ортаның күдделілігі; 

сыртқы ортаның әрекетшілдігі;

сыртқы ортаның анықталмағандығы. 


Күрделілік 
– 
бұл ұйымға әсер ететін факторлардың саны мен түрлілігі. 
Әрекетшілділігі –
бұл ұйымның қоршаған ортасында болатын ортаға 
байланысты өзгерістердің салыстырмалы жылдамдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет