Лекция тақырыбы: Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата22.12.2023
өлшемі177,5 Kb.
#142690
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Сыртқы ортаның анықталмағандығы
– 
бұл орта туралы 
ақпараттардың салыстырмалы саны. Егер информация аз болса немесе оның 
дәл екендігіне күмән болса, орта анық болмайды. Сыртқы орта қаншалықты 
анық болмаса, соншалық тиімді шешім қабылдауда қиын болады. 
Тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары 
Тікелей әсер ететін сыртқы орта факторларына жабдықтаушылар,
заңдар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, бәсекелестер жатады. 
Жүйелік жанасу көзқарасы мен алғанда, ұйым мен кірістерді шығуға 
айландыратын механизм. Кірістерге материалдар, ресурстар, құрал – 
жабдықтар, энергия, капитал және еңбек күші жатады. Бұл кірістерді 
қамтамасыз етуде фирма жабдықтаушыларға тәуелді болады. 
Ұйымның дамуы үшін капиталда қажет. Қажетті капитал мен ұйымды 
қамтамасыз ететін инвесторларға банктер, акционерлер, облигацияларды 
сатып алушы тұлғалар жатады. Ұйымның жұмысы қаншалықты жақсы болса, 
соншалық оның жабдықтаушылар мен келісу мүмкіндігі жоғары болады. 
Ұйым өзінің мақсатына жету үшін, алдына қойған міндеттерді орындау 
үшін, керекті мамандықтарды мамандандырылған еңбек күшімен қамтамасыз 
етіп отыруы қажет.
Заңдылықтардың жағдайы
оның күрделілігімен ғана емес, ол оның 
әрекетшілдігімен, кей бір кездерде анықталмағандығымен сипатталады. 
Мысалы, бірнеше заңдар бар. Қауіпсіздік және жұмысшы орнында 
денсаулықты қорғау туралы заң, қоршаған ортаны қорғау туралы заң
тұтынушылар мүддесін қорғау туралы заң т.б. 
Ұйымдар тағы да мемлекеттік реттеу органдарының
талаптарын 
орындауы қажет. Бұл органдар өздеріне тиісті заңдарды орындауды талап 
етеді. Мысалы, құнды қағаздар және биржа бойынша компаниялар 
акционерлері қалай қаржылық және бухгалтерлік есеп жүргізуі керектігін 
анықтап береді. Ал еңбекті қорғау басқармасы жұмыс жағдайының 
нормативтерін жасайды.
Бәсекелестер

әр бір фирма басшылары егер тұтынушының 
қажеттілігін бәсекелестерге қарағанда тиімді қанағаттандырса, ұйымның 
өмір сүруі нарықта көп ұзамайтындығын өте жақсы түсінеді. Көп 
жағдайларда қандай өнімді сату керектігін және қандай баға сұрау керектігін 
тұтынушылар емес, ал бәсекелестер анықтап береді. Өндірушілер еңбек 
ресурстары, материалдар, капитал және жаңалықтарды қолдану құқығы үшін 
бәсекелестік күрес алып барулары мүмкін. Еңбек ақы, жұмыс жағдайы 
басшы мен бағыныштылардың арасындағы қарым – қатынас сияқты ішкі 
факторларда бәсеке жағдайына болған реакцияға тәуелді болады. 
Бірақ, кейбір кездерде бәсекелесуші фирмалар бір – бірлеріне көмек 
беруі мүмкін. Мысалы, «Дженерал Моторс» фирмасы «Крайслер» 
корпорациясына 1979ж. Кризистік жағдайдан шығуы үшін бір неше миллион 
доллар көмек беріп тұрған болатын. 


Жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары 
Жанама әсер ететін орта тікелей әсер ететін ортаға қарағанда өте 
күрделі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет