Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті бақылау



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата07.05.2023
өлшемі336,11 Kb.
#90920
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DPLTQLETIHZK03052023221450

1. Бастапқы ақпарат. Ол білімгерлерге алғашқы мәліметтерді алуға көмектеседі. 
Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ бөлігінде (1-3 жыл және оданда көп) қалыптасады және 
жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі педогогикалық үдерістің тенденциясын көрсетеді. 
2. Тактикалық ақпарат. Ол білімгерлермен жүргізілетін жұмыс формаларын дұрыс 
құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат оқытушының нақты бір кезеңді откізу 
кезіндегі педогогикалық үдерістің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін 
көрсетеді. 
3. Жедел (ағымдағы) ақпарат. Ол алдынғы екі түрлі толықтыруға, педагогикалық 
үдеріс жағдайы туралы нақты мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа 
мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен, оның мәні тез жойылады 
(білімгердің сабаққа қатыспау себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек 
көрсету, т.б.). 
Ақпараттар сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық үдерістің жағдайы 
нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен 
оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. Сонымен, педагогикалық ақпарат дегеніміз-
үйретілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті 
педагогикалық үдерісті көрсететін негізгі сипаттамалары. 
 
 
 


Ұйымдастыру - басқарудың негізгі құралдары 
Ұйымдастыру – басқарудың негізгі құралдарын ашып көрелік. 
Ереже – жұмыс тәртібі, жұмысқа қойылатын талаптар жиынтығы. Жұмыс ережесі 
ҚР «Еңбек туралы» Заңының кодекстеріне сәйкес, мекеме жарғысы есебінен жасалынады, 
онда жұмыс тәртібі, оған қойылатын талаптар жүйесі, шарттар көрсетіледі. 
Нұсқау – ережеге сәйкес, жұмысты тиімді жасау үшін берілетін кеңестер. 
Нұсқаудың шағын әрі нақты болғаны жөн. 
Ереже мен нұсқауға сәйкес бұйрық беріледі. Бұйрықты мекеме басшысы береді. 
Бұйрық ауызша да, жазбаша түрінде де берілуі мүмкін. Мекемеде көбіне жазбаша түрінде 
беріледі. Бұйрықты орындау шарт. Бұйрық – міндетті түрде орындалатын нұсқау. Бұйрық 
мекемедегі ұстап отыру үшін де қажет. Жақсы басшы бұйрықты көп бергеннен гөрі, ақыл-
кеңесті көбірек бергені абзал. Кеңес – мекеменің барлық іс-әрекеттері талқыланып, 
шешімдері бекітіліп, нәтижелері шығарылатын құзыретті орган. Мәселен, ЖОО-да оқу-
әдістемелік кеңес, ғылыми кеңестер жоғары оқу орнының оқу үдерісіне қатысты барлық 
мәселелерді қарастырып, оқу сапасын арттыру мәселелерін шешеді, оқу-тәрбие үдерісін 
оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді де қарастырады, ал 
ғылыми кеңес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық мәселелерін 
шешеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет