Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті котегориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30-жылдарда басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л. С. Рубинштейн.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екенін дәлелдейді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Бұл принциптің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.
Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымынан түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады.
Психологияда адамның психикалық қызметін зерттейтін алуан түрлі әдістер қолданады. Әдістер дегеніміз- ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері.
Байқау әдісі.Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне белгілі талаптар қойылады. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (құбылысын(, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Байқау әдісінің елеулі артықшылығы-адамның психикалық көріністерінің табиғилығы сақталатындығында.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің артықшылығы- зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін күтіп отырмай, оны өзі туғызатындығында. Психологиялық эксперименттің екі – лабороториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар.
Лабораториялық эксперимент.ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Бұл әдісті жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсіну, еске түсіру) зерттеу үшін де көп қолданады.
Табиғи эксперимент. Бұл эспериментті психологияға тұңғыш енгізген орыс психологы Лазурский (1874-1971). Оның лабораториялық эксперименттен айырмашылығы – адам әдеттегі жағдайда сыннан өтеді. Бұл экспериментті жүргізу кезінде алдын ала баланың белгілі іс - әрекеттері зерттеледі және онда психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс береді. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттердің жақсы қасиеттерін біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.