Әңгімелеу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда әңгіме мақсатын алдын ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілетін жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейінен мұқият талданады да, осыған орай тиicтi қорытындылар жасалады.
Анкеттік әдіс.Бұл әдісті пайдаланған кезде сұрақтар мазмұнының айқындығының және олардың дұрыс құрылуының, анкетті толтыру тәpтiбi жөніндегі егжей - тегжейлі нұсқаудың, алынған материалдарды сандық және сапалық жағынан ұқыпты өңдеудің, статистикалық әрекеттердің дұрыс қолданудың үлкен маңызы бар. Бұл әдістің артықшылық қасиеті дұрыстығы "көп сан заңымен" анықталатын көлемі үлкен материал aлyғa болатындығында.
Тест әдісі.Тесттер деп аталатын (тест - сынау, тексеріп көру) әдістер ерекше бip топ құрайды Тестер басқа әдістерден ең алдымен, жаңа заңдылықтарды ашу үшін емес, сыннан өтетін адамда белгілі бip қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданатындығымен ерекшеленеді. Тесттің мазмұны мен құрылымы алдын ала жүргізілген көп көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп тексеріледі. Тесттердің көмегімен адамдардың белгілі бip ic-әрекетті орындауға әзipлік деңгейлері анықталады. Дұрыс құрастырылған тестер адамдарды белгiлі бip кәсіпке ipiктеп алу үшін де кеңінен қолданылады.
Модельдеу әдіci.Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің бастаулы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты. Модель зерттелетін объектінің орнына жүpетін"орынбасар" сияқты. Модельді жасау үшiн зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті бiлім болу қажет. Сондықтан да модельдің дұрыстығы, толықтығы, жан - жақтылығы белгілі бip құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады. Бұл әдісті қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады.
4. Психология ғылымының салалары. Дамудың қaзipгi кезеңіндегі психологиялық ғылым- ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесi болыптабылады. Психологияның жеке салалары өзара тығыз байланысты. Қaзipгi кезде психология ғылымының қырыққа жуық салалары бар. Осы ғылымның кейбір салалары: еңбек, яғни нақты ic-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан психология ғылымы - педагогикалық,медициналық, әскери, инженерлік, жас ерекшелік, спорт, әлеуметтік, салыстырмалы т.б. болып, бірнеше салаларға бөлінеді.