Педагогикалық психология оқу, тәрбие істepiнің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру - кeйбip оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс icтеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалықпсихология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.
Медициналық психологиядәpiгep мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена деген салаларға бөлінеді.
Инженерлік психологияадам мен техниканың қарым - қатынасынан туындайтын психологиялықмәселелерді зерттейді. Ол адамныңмашинамен өзара әрекеті туралы мәселелерді оныңөзінде, негізінен өндірістік механикаландыру мен автоматтандырудын жоғары сатыға көтерілген жағдайында, басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді.
Психология ғылымының келесі бipтопқа енуіне даму принципі басты негізалады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жас өспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кеміс адамдардың түрлі жақтарын зерттейді.
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этологиядейтін caлaлаp кіреді. Балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардын баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді.
Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Психологияның сот, космос, кітапхана, сауда, өнер т.б. сияқты өмір саларына байланысты да түрлері бар.
Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физилогия, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдармен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңдегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.
Психологияның зерттеу әдістері.
Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.