Критериалдыбағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалаудың міндеттері: Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
- мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
5. Рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту арқылы оқу нәтижелеріне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде? Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: 1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
2. анық, айқындылығы;
3. бағаның әділдігі;
4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау. -критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.