Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет12/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Бақылау сұрақтары:

  1. Көне түркі ескерткіштері туралы алғашқы деректер.

  2. Түркілердің әріптік жазу мәдениетінің бастау алған кезеңі.

  3. Құпия жазудың оқылу сыры.

  4. Қазақ ғалымдарының үлесі.

  5. Көне түркі ескерткіштерінің ерекшеліктері қанша топқа бөлінеді?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалыры: «Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен деректер». Конспекті жазу.

Қажетті әдебиеттер:

1) А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А., 1996.

2) М.Ескеева. Қазақ жазуының тарихи негіздері. Астана, 2002.


  1. Ә.Қайдар., М.Оразов. Түркітануға кіріспе. А., 1988, 2004.

  2. Ғ.Айдаров. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986.


9-лекция. Тақырыбы: Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері.

Жоспары: 1) Манихей алфавитінің құрамы.

2) Дауысты, дауыссыз дыбыстарды белгілейтін әріптер.

3) Әріптердің үш түрлі жазылуы.

4) Манихей алфавитінің шығу тегі, арамей жазуымен байланысы.



Лекция мақсаты: Көне түркі ескерткіштеріндегі манихей жазуының ерекшелігімен, алфавитімен, шығу тегімен, іріптеріндегі ерекшеліктерімен таныстыру.

Лекция мәтіні: Түркі руникалық жазуының ізін баса, Орта азия мен Шығыс Түркістанды мекендейтін түркі тайпалары арасында «манихей» алфавиті және соғды жазуы кеңінен етек алды. Ал манихей жазуының өзі несторлық хрестиан арқылы сирияның інжіл жазуы «экстрангелодан» дамыған болатын. «Манихейликтердің жалбарыну дұғасы» («Куастуанифт») көне түркі тіліне манихей жазуы арқылы жетісуда V ғасыр шамасында аударылған.

Манихей әріптік жазуымен жазылған көне түркі ескерткіштері көбіне соғды (орта парсы) тілінен аударылып, ең алдымен «он тайпалық» (он ұқ) батыс түркілердің арасында, басқаша айтқанда, «он тайпалық ұйғыр» (он ұйғыр) немесе түргеш (түргес, түргіс) ішінде жсалған. Одан кейін бұл қолжазбалар сан мәрте көшіріліп шығыс түркілердің арасына, дәлірек айтқанда, «тоғыз тайпалық оғыз» (тоғыз оғыз) немесе «тоғңыз тайпалық ұйғыр» (тоұз ұйғыр) ішіне жайылды. ( Бұл атаулар қазіргі ұйғыр халқы деген мағынамен емес, ол кезде көне түркі тайпалық одақтардың атына байланысты ұғымды берген). Оның айғағы – көне түркі манихей текстерінде Жетісу мен Қашғар атырабын мекендеген тайпалар мен ондағы жер-су аттарының молынан қамтылуы: Алтұн Арғұ ұлұс, Талас, Чігіл, Чігілкент, Йегенкент, Ордұкент (Қашғар) т.б.

Біздің заманның VІІІ ғасырындағы ұйғыр қағанатының басын біріктірген тайпалардың тіліне сәйкес жаңа соғд алфавитінің негізінде «Ұйғыр жазуы» деп аталып жүрген әріптік жазу пайда болды. Бұл жазу VІІІ- ХІІІ ғасырда кеңінен пайдаланылды, сол себептен де осы кезең оның нағыз кемеліне келген кезеңі дейміз. Бұл жазумен көне түркілердің арасында мазмұны хрестиан, манихей, будда дініндегі түрлі жалбарыну дұғалары және діни уағыздар (соғд, қытай, тибет), түрлі заң документтері, емдеу шіріткілер, жылнамалар, болжаулар т.б. жазылды. ХІV- ХV ғ. ұйғыр жазуын Ақсақ Темір мен оның мирасқорлары және Алтын Орда хандарының сарай маңындағы бекзадалары пайдаланды. Мысалы, 1391 жылы Тоқтамыс ханға қарсы жорыққа аттанған Ақсақ Темір өзінің жорық сапары жөнінде ұйғыр әрпімен «шағатай» тілінде тасқа қашатқан жазу қалдырды. Бұл ескерткішті 1927 жылы академик Қ.И.Сәтбаев ұлытау шоқыларынан тауып, ғылым дүниесіне паш етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет