Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет15/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Лекция мақсаты: Студенттерге ұйғыр алфавитінің құрамы, олардың жазылуы, дыбыстардың ерекшеліктері туралы мағлумат беру, нақты мысалдармен түсіндіру.

Лекция мәтіні: ХІХ ғ. бастап ұйғырлардың танрихы, мәдениеті туралы мәсееле дүниежүзі ғалымдарының назарын өзіне аудара бастады. 1812 жылы Ю.Клапроттың «Ұйғыр тілі және жазуы», 1828 ж. Бичуриннің «Монғолдар туралы жазбалары» және 1841 ж. Мырза Али Казамбектің «Ұйғырлар туралы» зерттеулері жарық көрді. Шетел ғалымдарымен қатар ұйғырлар туралы зерттеуде орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. Ш.Уәлиханов, Петровский, Клеменц Шығыс ТҮркістан ұйғырлардың ежнлгі отаны екенін дәлелдеді. Бұдан соң Шығыс Түркістанға ағылшын, француз, неміс, жапон, фин және италия экспедициялары бірінен соң бірі барды. Ұйғырлар туралы деректер көрнекті түрколог В.Радловтың назарынан тыс қалмады. В.Радловтың басшылығымен 1888 ж. ҒА жанынан Турфандағы ұйғыр халқының тарихи ескерткішін жинап зерттеу жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Олар: Радлов, Зелеман, Васильев, Ольденбург, Куник т.б.

Ескі ұйғыр тіліндегі жазу жоғарыдан төмен қарай жазылады. Ұйғыр ескерткіштері тілінде небәрі 23 таңба бар. Әрбір таңбаның өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда әрбір таңба сөз ішінде келетін таңбаның орнына қарай үш түрлі жазылады: сөз басы, ортасы, соңында әр түрлі жазылады. Ескі ұйғыр жазба нұсқалары тіліндегі 23 таңба 28 әріптің орнына қолданылады. Ұйғыр алфавиті өзінің жазылуы мен айтылуына қарай ең алдымен дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінеді.

Дауысты дыбыстар. Ескерткіштегі бес таңба сегіз дауысты дыбыстың орнына жұмсалады. Әрбір дауыстының қолданылуында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар төмендегідей: А дауысты дыбысы сөздің барлық шенінде жұмсалады.

Сөз басында: анта-онда ачды-ашты

алтун-алтын алқыс-алғыс

Сөз ортасында: қадын-қатун-қатын йарым-жарты

бай-бай қан-хан

Сөз соңында: бука-бұқа маңа-маған

йаңықа-жаңағы

Е дауысты дыбысы да сөздің барлық буынында қолданыла береді.

Сөз басында: ерті-еді ер-ер

еріглік-ерікті есідүн-естіп

еліг-елу

Сөз ортасында: кергек-керек бекліг-бектік

темүр-темір мен-мен

Сөз соңында: білге-білгіш үзе-үстіне

Үндестік заңы. Ескі ұйғыр ескерткіштерінде дауысты дыбыстардың жасалуы мен айтылуына байланысты ерте қалыптасқан заңдылықтары бар. Қавзіргі замандаға түркі тілдерінің көпшілігінде дауысты дыбыстар тіл жіне еріннің қатысы жағынан бір-бірімен өзара үндесіп айтылады.

а) дауыстылардың жуан және жіңішкелігіне қарай үндесуі. Ескерткіш тіліндегі қосымшалар үндестік заңы бойынша соңғы буынмен үндесіп, не жуан, не жіңішке болып жалғанады. Жуан буынды сөздерде: йағысыз-жаусыз, атлығ-атты, тағта-тауда

Жіңішке буынды сөздерде: көрүкліг-көрікті, ікінті-екінші

б) Ерін үндестігі: Ескерткіштерде алғашқы буындағы ерін дауыстылар өзінен соңғы буындарға әсерін тигізіп үндеседі: күчлүг-күшті, өтүнүп-өтініп, чоқлығ-шоқты.

Дауыссыз дыбыстар. Ескі ұйғыр жазба ескерткіштерінде 18 дауыссыз дыбыс бар. Олар төмендегідей бірнеше топқа бөлінеді:


  1. Ерін дауыссыздары: Бб, Пп, Мм

  2. Тіс және ерін дауыссыздары: Вв

  3. Тіс дауыссыздары: Тт, Дд, Сс, Зз

  4. Тіл алды дауыссыздары: Шш, Жж, Нн, Лл, Рр, Йй, Чч

  5. Тіл ортасы дыбыстары: Кк, Гг

  6. Тіл арты дауыссыздары: Ққ, Ғғ, Хх, Ңң

Б, П үнсіз дыбыстары. Мұнда ұяң б және қатаң п ерін дауыссыз дыбыстары бір таңба арқылы беріледі. Б дыбысы сөздің барлық шенінде, ал қатаң П тек сөз ортасы мен соңында жазылады.

Сөз басында: бітіг - хат жазу, бу - бұл, бічін - мешін

Сөз ортасында: абам - егер, ебе - үйге, тобуқ - тобық

Сөз соңында: қорқуп - қорқып, аңлай - аңдап, түсүп - түсіп.

М- мұрын жолды, орын талғамайды. Мысалы: мұнта - мұнда, емті - енді, тамур - темір, меңү - мәңгі, өзүм - өзім.

Көне ұйғыр тілінде в дыбысы үнсіз, ұяң, тіс пен ерін дыбысына жатады. Көне ұйғыр сөздері мен басқа тілдерден енген сөздерде кездеседі. Сөз басында сирек, ортасы мен соңында жиі кездеседі:

вірішті - періште сувсамас – шөлдемес сув – су

вісір – алмас севінч – сүйікті ев – үй

Т- үнсіз қатаң, тіс дыбысы, орын талғамайды:

тіп – деп өтүнді - өтінді құт – құт

түрлүг – түрлі ұрты – ұрды оқот – оқыт

таш – тас өтрү – соң айт – айт

Д – үнсіз, ұяң, тіс дыбысы. Орын талғамайды:

діндар – діншіл едгү – игі кед – ки (киін)

дүрлүк – түрлі адағлығ – аяқты ыд – жібер

С –үнсіз, қатаң, тіс дыбысы. Орын талғамайды:

сақын – ойлан ерсер – етсе біс – бес

сав – сөз саптау улыс – ұлыс

З – үнсіз, ұяң, тіс дыбысы. Орын талғайды, сөз ортасы мен соңында кездеседі:

сезік – сезім өз - өз кіртүңүз – көрдіңіз

Ш – қатаң, спирант дыбыс. Орын талғамайды:

Шариат – шариғат ишим – сезім турмуш – тұрған

Н – мұрын жолды, сонор дыбыс. Орын талғамайды:

Нышан – нысан, белгі ынша – сонша кедін –кейін

Негү – неге ынанч – сенім қалын – қалың

Л – сөз басында аирек, ортасы мен соңында жиі кездеседі.

Лачын – лашын бүлі – біле ұлұғ – үлкен

Р – сөз басында кездеспейді, ортасы мен соңында жазылады:

Рсірді – бағынды теңрү – тәңрі ерасер – ерсе

Й – орын талғамайды: йарлұқ – жарлық, йумчақ – жұмсақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет